Кеше, 14 тамызда,  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында 12 конференциядан тұратын және көрменің негізгі шарасы болып табылатын екі күндік «Болашақ энергиясы» форумы өз жұмысын бастады.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова құттықтау сөз сөйлеген тоғызыншы конференция  «Жаңғырмалы энергетика және өмір сүру сапасы» тақырыбына арналды.

Сондай-ақ, конференцияның алғашқы күні «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ жаңа салаларды дамыту жөніндегі қосалқы басқарушы директоры Ержан Тұтқышев,  Climate-KIC директорының білім жөніндегі орынбасары Рахул Бансал, жаңғырмалы энергия көзі бөлімінің бағдарламалар жетекшісі Утэ Колльер, көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, «Ауылдық аудандарды электрлендіру үшін» альянсының және басқа да жаңғырмалы энергия көздері пайдаланылатын салада тәжірибелері бар халықаралық компаниялардың, сондай-ақ қоршаған орта мәселелерін көтеріп жүрген ғылыми  қоғамдастық өкілдері баяндама жасады. Мінбеден сөз алғандар жаңғырмалы  энергетиканы қолданатын елдердегі өмір сүру сапасының жақсару мүмкіндігі туралы айтып берді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен бірлесіп облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, ғылыми орталықтардың, ҒЗИ-ның және медициналық жоғары оқу орындарының өкілдеріне жобалық басқаруды енгізу мәселелері бойынша оқыту-үйрету семинарын ұйымдастырды.

Оқыту шаралары ДСДРО базасында 8-9 тамыз күндері өтті, оған   ҚР мемлекеттік органдарында енгізілген жобалық тәсілдеме аясыында құрылған жобалық топтардың қатысушылары  -  60-тан астам тыңдаушылар қатысты.

Семинар аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі жобалық тәсілдемені енгізудің халықаралық тәжірибелерін талдау арқылы жобалық басқарудың негізгі түсініктері, бағыттары таныстырылды. 

В рамках семинара были презентованы основные понятия проектного управления с анализом международного опыта внедрения проектного подхода в системе государственного планирования. 

Министрлік қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және сектораралық өзара қарым-қатынасты дамыту, барлық деңгейдегі медициналық көмекті пациент мүдделерінің айналасына жұмылдыру және АМСК-ті басым бағытта дамыту, ұлттық дәрі-дәрмек саясаты, адами ресурстарды стратегиялық басқару, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру және сандық нұсқаға көшіру секілді  аймақтарда енгізу үшін жоспарланып отырған жобаларды ұсынды.

Семинар соңында аймақтарда, ҒЗИ-да, ұлттық орталықтарда, медициналық жоғары оқу орындарында жобалық басқаруды енгізу мәселелері талқыланды.

Аталған тәсілді пайдалану уақытша және ресурстық шектеулі жағдайларда алға қойған мақсаттарға тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 2 тамызында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаеваның басқаруымен  ҚР ДСМ жобаларды басқару штабының кезекті отырысы өтті. ДДҰ Еуропа аймақтық бюросының инфекциялық емес аурулары бөлімшесінің директоры Гауден Галеа және ДДҰ АМСК жөніндегі Еуропа орталығының басшысы Хуан Тэлло қатысқан осы отырыста «АМСК жаңғырту және басым бағытта дамыту негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент қажеті айналасына біріктіру» жобасын жүзеге асыру есебі, 2017 жылдың  6 айында жобаның сегіз бағыты бойынша жасалған жұмыстардың нәтижелері ұсынылды.

Жылдың басынан бері жалпы практика дәрігерлерінің жүктемелерін азайту мақсатында, олардың есептік-есепке алу құжаттамалары қысқартылып, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) орталығында скринингтік бағдарламаларды дамыту жөніндегі әлеуметтік жұмыскерлердің қызметі анықталғандығына баса назар аударылды.  Жедел және шұғыл медициналық көмекті дамыту бойынша Қызылорда және Павлодар облыстарында 103 бірыңғай диспетчерлік қызмет құру және барлық санитарлық көліктерге GPS навигация орнату арқылы бірыңғай жедел  медициналық жәрдем қызметі жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылды. Бұдан басқа, жәрдем шақыру жеделдігінің 4 санаты анықталған жедел медициналық көмек көрсетудің жаңа ережесі, стационарлардағы қабылдау бөлімдерінің триаж-жүйесі стандарттары әзірленді.

2017 жылдың шілде айында Медициналық қызмет сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның шешімімен және Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (қазір бұйрық ҚР Әділет Министрлігіне тіркеуге жіберілген) 2018 жылға арналған МӘМС жүйесінде және КТМКК-де тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету (АДҚ) тізбесі қайта қаралды және кеңейтілді. 

Шамамен, тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығыны,  жаңа бұйрыққа сәйкес, 106 429 019 926 теңгені (КТМКК аясында – 67 910 449 291 теңге, МӘМС аясында – 45 432 841 451 теңге) құрайды, 2016 жылы АДҚ шығындары 77 194 551 026 теңгені құраған болатын. 2018 жылы тұрғындарды тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін мемлекеттен 38%-ға артық қаражат бөлінбек.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылдың 4 қарашасындағы АДҚ тізбесін бекіту туралы бұрынғы бұйрығында тұрғындар халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) бойынша 266 дәрілік заттар атауымен, сырқаттың 47 тобы үшін медициналық бұйымдардың 6 түрімен тегін қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығында ХПА бойынша 274 дәрі-дәрмекпен (8 атауға артық), сырқаттың 48 тобы үшін медициналық бұйымдардың 8 түрімен тегін қамтамасыз етілмек.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Аккредитация орталығы медициналық ұйымдарға денсаулық сақтау саласында аккредитациядан өтуге дайындық, қызметкерлерді оқыту  шаралары бойынша кәсіби кеңес беру қызметтерін ұсынады.

Орталықтың білікті мамандары да, сыртқы кешенді бағалаудан өтуге мамандарды дайындау тәжірибесі де жеткілікті. Сондай-ақ, аккредитациялаудың ұлттық стандарттарын әзірлеуші және Қазақстан Республикасындағы  ұлттық аккредиттеуге дайындық жөніндегі әдістемелік орталық болып табылады.

Кеңес беру қызметтерінен күтілетін нәтижелер:

- көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының артуы;

- медициналық көмек алу кезіндегі қызмет көрсету деңгейін жақсарту, пациенттер үшін қауіп-қатерді азайту;

- медициналық тұрғыда кеткен қателіктерді анықтауда және талдауда заманауи тәсілдерді қолдана отырып, пациент қауіпсіздігін күшейту;

- ұжымды ынталандыру және корпоративтік рухын көтеру.