Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру талаптары өзгерді

 

Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды. Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді.

БЖТ: қала тұрғындары үшін - 1 АЕК немесе 3 063 теңге; ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейтін болады.

Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл санаттағылар11 млн-нан асады.

Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.