Денсаулық сақтау министрлігі кадр резервін жасақтайды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарға кадр резервіне енгізу үшін үміткерлер іріктеу науқанын бастады. Кадр резервін құрудағы мақсат – ҚР денсаулық сақтау саласының кәсіби және тиімді менеджерлерін жинау.

Үміткерлерді іріктеу кезінде еліміздегі және әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарындағы жоғары білімінің, ҚР қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесіндегі басшылық лауазымдарда тәжірибесінің болуы, ағылшын тілін білуі секілді ғаламдық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік құзіреті мен факторларына ерекше мән беріледі.

2017 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 288 үміткерден 501 сұраным түсті. ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ-дағы РМК-да  ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі бос тұрған басшылық лауазымдарға орналасу үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның төрт отырысы болды, 49 үміткер сұхбаттасудан өтіп, олардың ішінде 2 үміткер ойдағыдай қызметке орналасты. Кадрлармен әңгімелесу және оларды іріктеу жалғасуда.

 

Үміткерлердің сұранымы тұрақты түрде мына сілтеме бойынша қабылданады: https://ru.surveymonkey.com/r/rezerv.  

 

Қандай да бір қиындықтар немесе сауалдар туындаған жағдайда 8-(7172)-700-950 (вн. 1096) телефонына хабарласуға болады.

Байланыстағы тұлға – Жұмағұлова Құндыз Мырзалықызы.