Кітаптар - кішкентай емделушілер үшін
- Толығырақ
- Автор: Super User
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әлеуметтік акция ұйымдастырды.
№ 1 және №2 қалалық балалар ауруханасының кішкентай емделушілері үшін әртүрлі жастағы балаларға арналған, қазақ және орыс тілдерінде 200 кітап сатып алынды. Ұсынылған кітаптардың арасында классикалық шығармалар, ертегілер мен әңгімелер, үйрететін құралдар мен қысқа энциклопедиялар бар.
«Астана қаласындағы екі балалар ауханасында пайда болған кітаптар бұрышы ауруханада ем алып жатқан бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, уақыттарын жылдам әрі тиімді өткізуге мүмкіндік береді деген үміттеміз» дейді ДСДРО бас директорының міндетін атқарушы Айнұр Айыпханова.
Қазақстанда тәуелсіз медициналық сарапшылардың қызметі қайта ұйымдастырылатын болады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада 2017 жылдың 12 мамырында тәуелсіз медициналық сарапшылардың, медицина қызметкерлері қауымының және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін қорғау институтын дамыту. Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз медициналық сарапшылардың өзекті мәселелері. Денсаулық сақтау саласындағы медиация» тақырыбында конференция болып өтті. Конференция аясында тәуелсіз медициналық сарапшылардың жұмыстарын қайта ұйымдастыру жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында тәуелсіз медициналық сараптама жүргізудің ұйымдастырушылық-қызметтік моделін талқылау нәтижесінде мынадай шешімдер қабылданды:
- Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасы базасында тәуелсіз медициналық сарапшылар тізілімін жасау;
- Қоғамдық денсаулық сақтау комиссиясының құрамына тәуелсіз медициналық сарапшыларды тарту механизмдері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
ДСДРО халықаралық әріптестерімен ынтымақтастық жоспарларын талқылады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін Астана қаласында «Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық серіктестермен өзара әрекеттестік тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (ДСДРО).
Дөңгелек үстел жұмысына АҚШ-ның ауруларды бақылау және оның алдын алу жөніндегі Орталық Азиядағы орталығының (CDC) аймақтық директоры Дафна Моффет, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) елдік кеңсесінің өкілі Салтанат Егеубаева, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) консультанты Лариса Тихонова, БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) өкілдері Гаухар Әбуова мен П.Виллануэва, Дүниежүзілік банк, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, т.б. өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел өткізудегі мақсат – ДСДРО-ның даму векторы туралы серіктестерді ақпараттандырып, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара ынтымақтастықты нығайту.
Медицина ұйымдарына заманауи HR-саясатын енгізу
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткізген «100 – күн, 100 – мәселе, 100 - шешім» әлеуметтік науқанының аясында медицина ұйымдары деңгейінде адами ресурстарды басқару тиімділігінің төмендігі мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар айтылды.
Аталған мәселені шешу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы кадр менеджментінің барлық сатысында – кадрларды жоспарлау (штаттық кестені, лауазымдық нұсқаулықтарды жасау, т.б.), персоналды іздестіру, кандидаттарды таңдау және іріктеу, жаңа қызметкерлерді қабылдау және бейімдеу, еңбек етуге қолайлы жағдай жасау, қызметкерлер еңбегінің жемістілігін бағалау және әлеуетін көтеру, оларды ынталандыру шараларында заманауи HR технологияларын қолдануды ұсынатын үлгілік бағдарлама әзірледі.
ҚР медициналық ұйымдары ағымдағы жылдан бастап кадр бөлімдерін кезең-кезеңмен заманауи кадр қызметіне ауыстырып, ұйым деңгейінде персоналды басқару (корпоративті кадр саясаты) бағдарламасын енгізулері тиіс.
Қазақстан Республикасының 6 медициналық ЖОО шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
- Толығырақ
- Автор: Super User
«Медициналық білім мен ғылымды жұмылдыру» жобасын (одан әрі - Жоба) жүзеге асыру аясында ҚР алты медициналық ЖОО ТОП-500 үздіктер қатарына кіретін шетелдік университеттермен 3-жылдық меморандумға қол қойды. Аталған жоба аясында медициналық ЖОО-на талапкерлерді іріктеудің және қабылдаудың жаңа тәсілдері енгізіліп, жоғарғы білім мен резидентураның, оның ішінде Назарбаев университетінің медицина мектебімен бірге, білім беру бағдарламалары қайта қаралмақ.
Медициналық ЖОО оқитындар мен бітірушілердің құзыреттілігін тәуелсіз бағалау жүйесін одан әрі дамыту үшін, USMLE (United States Medical Licensing Examination) жүйесіне негізделген бірыңғай ұлттық көпсатылы емтихан енгізіледі.
Жобаны орындау барысында қосымша толық іс-шаралар кешені жүзеге асырылады: