Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) - әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешу үшін өзара тиімді шарттарда негізделген мемлекет пен бизнестің орта және ұзақ мерзімді өзара іс-қимылының нысаны. Үкімет пен бизнестің өзара әрекеттесуінің қандай нысандарын МЖӘ-ке жатқызуға болатыны туралы сарапшылар арасында бірдей пікрлер жоқ. Кең түсіндіме бойынша үкіметтің және бизнестің МЖӘ шеңберінде тек экономика саласында ғана емес, сонымен қатар саясат, мәдениет, ғылым және т.б. арасындағы сындарлы өзара әрекеттесуін білдіреді. Тар (экономикалық) түсіндіруде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі сипаттамалары:
- МЖӘ тараптары - мемлекет және жеке бизнес;
- тараптардың өзара іс-әрекеті ресми, құқықтық негізде бекітіледі;
- тараптардың өзара іс-қимылы тең дәрежеде;
- МЖӘ нақты қоғамдық бағдарға ие;
- МЖӘ негізінде жобаларды іске асыру барысында тараптардың ресурстары мен салымдары біріктіріледі;
- қаржылық тәуекелдер мен шығындар, сондай-ақ нәтижелер алдын ала белгіленген пропорцияларда тараптар арасында бөлінеді.
Әдетте, МЖӘ негізінде бизнес-жобаларға қосылатын мемлекет емес, керісінше, мемлекет бизнесті әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін қатысуға шақырады.