5 қыркүйекте Ұлттық курорттық қауымдастық Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығымен  бірлесіп, «Қазақстан Республикасының курорт-шипажай саласын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына  10-нан аса шипажайлық-курорттық ұйымдардың басшылары қатысты.   

Ұлттық курорттық қауымдастықтың статистикалық деректеріне сәйкес, 2017 жылы ҚР шипажайларында 1500-ге жуық шетелдік туристер болған.

Ұлттық курорттық қауымдастық президенті Саягүл Кайыргелдинова өз сөзінде Қазақстандағы шипажайлық-курорттық ұйымдарды дамыту аспектілеріне, сондай-ақ Қауымдастықтың негізгі шараларына көңіл бөлді.

 ДСДРО бас директорының орынбасары Айман Ысқақова Қазақстанда медициналық туризм мен импорт алмастыру саласын дамыту жобасын жүзеге асыру жолдарына нақты тоқталды.

Құрметті оқырман!
 
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау менеджері» журналының екінші нөмірі жарыққа шықты. Журналдың кезекті санынан Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері ұсынған Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ассамблеясының 70-ші сессиясына қатысу туралы ақпаратпен таныса аласыздар. Сонымен қатар нөмірде Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарында «Тиімді оқытушы» құзыретін қалыптастыру мен қолдау және денсаулық сақтау саласы шығындарының Орталық Азия мемлекеттері тұрғындарының денсаулық жағдайына әсерін бағалау секілді өзекті тақырыптарды қамтитын мақалалар жарияланған. Журналдың аталмыш нөмірімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Бүгін Астанада елорда әкімдігінің,  ШЫҰ хатшылығының, «Назарбаев университеті» ДБҰ қолдауымен «Жаңа күш, жаңа өмір: Жібек жолы елдерінің бірлескен инновациялары» атты І халықаралық форум өтті.

Аталған форумның ұйымдастырушысы – G-Global халықаралық хатшылығы. Шараға Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг,«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рапиль Жошыбаев, ҚР Парламентінің  депутаттары, халықаралық сарапшылар, салалық министрліктердің, жастар ұйымдарының, бизнес құрылымдарыныңөкілдері және басқалар қатысты.

Форум барысындақатысушылар медицина, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика және энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Жібек жолы елдерініңэлектронды коммерциясы мен логистикасы мәселелерін қарастырды.

Форум жұмысыбірнеше панельді сеесиялар аясында өтті, солардың бірі Жібек жолы елдері арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа арналды.

17 тамызда 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы міндеттер жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқа мәжілісінің отырысы өтті. Алқа мәжілісінің жұмысына Қоғамдық кеңестің мүшелері, аймақтардың денсаулық сақтау басқармаларының, ведомстволық ұйымдарының, аумақтық департаменттерінің басшылары, т.б. қатысты.

 Өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осы жылдың бірінші жарты жылдығындағы отандық медицинаның маңызды жетістіктерін атап өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз баяндамасында денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Жалпы, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылдың 6 айында жағымды динамика сақталады: өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда нәресте өлім-жітімі (10,8%-ға), жаңадан пайда болған қатерлі өскіндерден болған өлім-жітім (5,6%-ға), миокард инфаркты (5,5%-ға), жазатайым оқиғалар мен жарақаттар (8,6%), туберкулез (30,2%-ға) көрсеткіштері төмендеген.

Денсаулық  сақтау министрлігі ұлттық скринингтік бағдарламаны дамыту және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін күшейту үшін  инфекциялық емес сырқаттарды скринингтік зерттеу шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жинақтау мақсатында  тұрғындар, медицина қауымы, медициналық жоғары оқу орындары, қауымдастықтар, ғылыми орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар арасында  сауалнама  жүргізуде.

Ұсыныстар мен скринингтік бағдарламалардың тиімділігін бағалау сырқаттарды ерте анықтаудағы оның нәтижелілігіне әсер ететін кедергілерді зерделеп, скрининг жүргізу шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сауалнама мына сілтемелер  бойынша жүргізіледі: 

қазақ тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/PX2S6QS

орыс тілінде:  https://ru.surveymonkey.com/r/P7FKQ7L