Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!



Біздің Орталық «Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр анықтамалығын» – дәрілік заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты алуға өтінімдерді қабылдайды.

Анықтамалық не үшін қажет?

Сіз дәрілік заттарды қолдану тәсілдерін, сақтық шараларын, қарсы көрсеткіштерді, дәрілік заттардың өзара іс-қимылын және жанама әсерлерін көрсете отырып, халықаралық патенттелмеген атаулармен Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген дәрілік заттар туралы толық ақпарат аласыз.

Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – дәрілік формулярларды әзірлеу, ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін қажетті дәрілік заттардың тізбесі.

ҚҰФ халықаралық сарапшылардың қатысуымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен арнайы редакторлық топпен құрастырылды.

ҚҰФ-дәрігерлер, фармацевтер, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, медбикелер, медициналық оқу орындарының тыңдаушылары және басқа да медицина қызметкерлері үшін дәлелді медицина негізіндегі дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы сенімді ақпарат көзі.
Еліміздегі медициналық мекемелер өз ұйымдарының формулярын жасақтау барысында осы ұлттық формулярды негізге алулары тиіс.



NB! Формулярлық анықтамалық «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы ҚР ДСМ - 41 бұйрығына сәйкес өзекті ақпарат ескеріле отырып қалыптастырылды.

 



* ҚҰФ анықтамалығын қазақ және орыс тілдерінде алуға болады.

Байланыс телефоны: 8 7172 700-950 (ішкі: 1039 / 1038 / 1044) +77023610145 alimova_u@rcrz.kz