Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді азайту, қайта реттеу

2017 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді азайту, қайта реттеу» жобасы бойынша жиын өткізді.

Жиынға Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСДРО, ҰКП, ҰДП, бизнес-қоғамдастық өкілдері және Министрлік қарамағындағы ведомстволық ұйымдарының басшылары қатысты.

Талқылау барысында заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге төмендегідей 70-ке тарта түзетулер енгізу қарастырылды:

Туу алды скринингін, жүкті әйелдер скринингін ұйымдастыру кезінде жекеменшік бизнес үшін шектеуді алып тастау;

АИТВ-инфекциясына қарсы денелердің бар болуына, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеу және зерттеуге кеңес алу мүмкіндігі бар тұлғалар тобының көбеюіне сай, лабораториялық зерттеуді ұйымдастыру кезінде жекеменшік бизнес үшін шектеуді алып тастау;

Простатиттің обыр ауруларын лабораториялық-диагностикалық зерттеу саласында нарықтың монополиялануын болдырмау;

Қуықалды безі обырының және жатыр мойны обырын ерте анықтау скринингтері бойынша гистологиялық зерттеулер жүргізу үшін онкологиялық диспансерлерде мемлекеттік монополияны болдырмау;

 ИФА-тест секілді лабораториялық диагностика әдісі арқылы мерезді (сифилис) анықтау үшін жекеменшік бизнеске скринингтік тесттер жүргізуге мүмкіндік беру.

Министрлік өкілдері мен жекеменшік құрылымдар тарапынан болған сарапшылардың ұсыныстарының көпшілігі қабылданды. АИТВ-инфекциясына қарсы денелердің бар болуына, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеу және зерттеуге кеңес алу мүмкіндігі бар тұлғалар тобының көбеюіне сай, лабораториялық зерттеуді ұйымдастыру кезінде жекеменшік бизнес үшін шектеуді алып тастау жөніндегі ұсыныс қосымша талқыланатын болады.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында Денсаулық сақтау саласындағы бастамаларды сүйемелдеу және қайта реттеу қызметі құрылды, ол денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді ырықтандыру жөніндегі қызметтердің үйлестірілуін қамтамасыз етуге тартылған.

Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларды ырықтандыру мәселелері ағымдағы жылдың ақпан айында өткізілген Бизнес-Кеңес отырысында талқыланған тақырып болатын.