ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін басымдықты тақырыптар бойынша 2021 жылы денсаулық сақтау технологияларын бағалауды жүргізу үшін 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін өтінімдерді қабылдайтынын хабарлайды.
Өтінімдер «Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-215/2020 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес толтыруы қажет.
Өтінімдер ілеспе хатпен «денсаулық сақтау технологиясын бағалау бөліміне» деген белгімен, Нұр-Сұлтан қаласы, А.Иманов к-сі, 13-үй, «Нұрсәулет» бизнес орталығы, «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК мекенжайына пошта арқылы және office@rcrz.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және медициналық технологиялар орталығы 2018 жылы медициналық технологияларды бағалауға арналған өтінімдерді қабылдауды
жабық деп жариялайды.
Медициналық технологияларды бағалау (МТБ) – денсаулық сақтау технологиясы туралы ақпаратты жинау мен жалпылауды қамтитын мультипәндік зерттеу үдерісі.
Ақпарат клиникалық тиімділік пен қауіпсіздік, экономикалық тиімділік пен бюджетке ықпал, ұйымдастырушылық және әлеуметтік аспектілер, сондай-ақ этикалық және құқықтық мәселелерді қоса, бірқатар облыстарды қамтуы мүмкін.
Ақпаратты жинау мен ұсыну жүйелі, әділ және ашық негізде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бюджеті шектеулі. Жаңа технологияға бөлінетін инвестициялар кейде басқа бір қызметті қысқартуды немесе тоқтатуды білдіреді. Бұл жағдайда таңдау үдерісінің ұсынылуы МТБ-ның негізгі мақсаты болып табылатын нақты және сенімді дәлелдерге негізделуі – маңызды.
ДСДРО уақтылы, сенімді, ретті және денсаулық сақтау саласындағы шешімдерді қабылдайтын тұлғалар мен басты мүдделі тараптардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін МТБ-ны қамтамасыз ету мақсатында МТБ жүргізудің ұлттық жетекші қағидаттарын әзірлеуде.
Медициналық технологияларды бағалау жөніндегі сарапшылардың дерекқоры
МТБ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МТБ-ның жетекші халықаралық желілерімен стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық бізге жұмысымызды оңтайландыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.
|
|