Менеджмент және корпоративті басқаруды дамыту

Менеджмент орталығы

Менеджмент орталығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 212 «Жоба шеңберінде құрылған ДСМО жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы» бұйрығымен құрылған және ДСДРО құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстар Обсерваториясы Вице-министрдің «Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын  жоспарлау және болжаудың жүйесін құру туралы»  2014 жылғы 7 сәуірде № 173 бұйрығымен «Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстар Обсерваториясы» құрылған.

 

Ағымдағы құрылым

 

 

Мақсаты   Міндеттері

Заманауи менеджментті дамыту және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқаруды жетілдіру негізінде денсаулық сақтаудағы бәсекелестікті тиімді басқаруды және дамытуды, жоспарлау және болжау тетіктерін, денсаулық сақтау ұйымдарында кадрлық қамтамасыздықты бақылауды  қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудың адами капиталды дамытуды бағалауын жүргізу  
  • Корпоративті басқаруда Нормативті-құқықтық және әдістемелік базаны  жетілдіру және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару принциптерін біртіндеп енгізу;
  • Денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына жаңа біліктілік талаптарын әзірлеу және енгізу негізінде менеджменттің көшбасшылық және кәсіби дағдыларын дамыту, басқаруды ынталандыру және қолдау;
  • Денсаулық сақтау ұйымдарында заманауи басқару технологияларын енгізу;
  • Денсаулық сақтау адами ресурстарын және медициналық ғылымды дамытуға, салада қызметкерлерді басқарудың инновациялық технологиясын енгізуге  жәрдемдесу;
  • Денсаулық сақтауда кадрлық ресурстарға қажеттілікті жоспарлау және болжау  әдістерін жетілдіру;
  • Адами ресурстарды басқару мен дамыту тетігін жаңарту, денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық қызмет әлеуетін нығайту;
  • Бағалауда үйлестік-консультациялық қызметті жүргізу және денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін дамыту;
  • Денсаулық сақтаудағы адами капиталды дамыту бойынша ақпараттық деректерді талдау;
  • Бөлімшенің жұмыскерлер потенциалын көтеру үшін денсаулық сақтаудың дамыту менеджменті бойынша халықаралық үйлестік-консультациялық шараларда қатысу;
  • Денсаулық сақтау менеджлерін, менеджменттің өзекті сұрақтары мен денсаулық сақтаудағы адами капиталды дамыту бойынша денсаулық сақтау жұмыскерлерін оқытуды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету
  • Адами капиталды жетілдіру аймағында халықаралық ынтымақтастық;
  • Адами капиталды дамыту мақсатында стейкхолдерлармен серіктестік ынтымақтастық құру.

 

 

   Ғылыми және жобалық қызмет

  • Денсаулық сақтауды басқару саласында 7 ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді
  • «Адами ресурстармен стратегиялық басқару» жобасы аясында денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары сұрақтары бойынша ғылыми және жобалық жұмыстар жүргізіледі.
  • «Менеджмент және корпоративтік басқаруды дамыту» жобасы шеңберінде заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерді іске асыру және оларды орындаулуына мониторингі жүргізіледі.
  • Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын жоспарлау мен болжау жөнінде, денсаулық сақтаудың кадрлық қызметін жаңарту, дефицитты анықтау, ДДСҰ, Евростат-тың ұсыныстарымен үйлестіре ДСКР-ның статистикалық есебін жүргізудің Әдістемелік ұсыныстары өңделді
  • Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары регистрінің кәсіби макеті өңделді.
  • Денсаулық сақтау кадрлық ресурстарын басқарудың типтік бағдарламасы, денсаулық сақтау кадрлық ресурстарын басқарудың ұлттық саясаты бекітілген.
  • Білім беру іс-шаралары:

    - Жетекшілерге және облыстық денсаулық сақтау басқармасының кадрлық қызмет мамандарына денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын жоспарлау, бақылау (мониторинг), бағалау және болжау сұрақтары бойынша білім беру шаралары; 

    - басшылар, байқау кеңестерінің хатшылары, заңгерлері мен экономистері үшін БК, ІАҚ қызметі және корпоративтік басқару қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ денсаулық сақтау менеджерлерінің көшбасшылық және құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша өткізіледі.

  • Денсаулық сақтау менеджерлерінің құзыреттілігін үздіксіз кәсіби дамытудың жеке жоспарының үлгі нысаны әзірленді және енгізілді. 2019 жылға арналған 5 басым құзырет анықталды. Екінші жылға өзін-өзі бағалау және құзыреттілікті дамыту жүргізіледі.
  • Операциялық менеджментті жақсарту мақсатында медициналық ұйымдағы менеджменттің белсенділік деңгейін анықтау үшін белсенділік индексі әзірленді.
  • Ресурс үнемдеу технологиялары 3 пилоттық медициналық ұйымдарда енгізілді.
  • Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуге байланысты ведомстволық бағынысты республикалық ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік медициналық ұйымдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілді.
  • Байқау кеңесінің мүшелеріне бағалау 5 аймақтың 2 медициналық ұйымдарында жүргізілді.
  • ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында 10 өңір бөлінісінде жеке меншік нысаны бар 3 ұйым бойынша және 3 АҚ-да корпоративтік басқару тиімділігін рейтингтік бағалау жүргізілді.
  • Денсаулық сақтауды басқару саласында 7 ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді

Әдістемелік қолдау (ғылыми және медициналық даму)

  • Денсаулық сақтау менеджменті саласында 11 әдістемелік нұсқаулық дайындалды.
  • Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары саласында 11 әдістемелік нұсқаулық дайындалды.

 

Ақпараттық-кеңес беру қызметі

  • Денсаулық сақтау менеджерлерінің базасы, ШЖҚ МК байқау кеңесі мүшелерінің, БК хатшыларының базасы және денсаулық сақтау саласындағы басшы лауазымдарға кадрлық резервін қалыптастыру
  • Салалық және республикалық басылымдарда мақалаларды жариялау
  • Халықаралық кеңесшілермен өзара әрекеттесу

Білім беру қызметі

  • Корпоративтік басқару мен менеджментті дамыту үшін аймақтық жаттықтырушылар (36) және 2 халықаралық жаттықтырушылар дайындалды ( ТоТ КУСК, IHF).
  • «Денсаулық сақтау жүйесінде менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту», «Денсаулық сақтау саласындағы корпоративтік басқару», «HR-менеджмент. Кадрлық ресурстарды басқарудың заманауи технологиялары» және т. б. (2018 жылы 500-ден астам маман).

 

Менеджментті дамыту және корпоративтік басқаруды енгізу бойынша әдістемелік қолдау

 

  • Корпоративтік құжаттардың типтік формалары жаңартылып, қолдануға рұқсат етіледі.
  • Корпоративтік басқару саласындағы әдістемелік нұсқаулар мен нұсқаулықтар әзірленді.
  • Денсаулық сақтау басқармасына Денсаулық сақтау менеджерлері (басшылар мен олардың орынбасарлары) үшін нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерінің (KPI) ұсынылатын тізбесі әзірленді және жіберілді.
  • «ШЖҚ МК нысанындағы медициналық ұйымдарда жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу және ынталандыру туралы» үлгілік ереже әзірленді. Еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау арқылы енгізуді әдістемелік сүйемелдеу жүргізілуде.
  • Медициналық қызметкерлердің үздіксіз кәсіби даму жүйесі және кәсіби қауымдастықтармен және басқа да мүдделі тараптармен әріптестік өзара іс-қимыл арқылы адами капиталды дамыту бойынша шаралар әзірлеу.
  • Менеджментті дамыту, корпоративтік басқару және HR-менеджмент, медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін дербес бөлу, әлеуметтік көмек көрсету шаралары, еңбекақы төлеу және өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер.

 


Нормативтік құқықтық актілер


  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 10 қыркүйектегі №601 бұйрығын жарамсыз деп тану туралы» бұйрығы
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 540 «Денсаулық сақтау саласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қорытындысы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 «Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемелерде критерийлерді бекіту туралы» бұйрығы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 26 ақпандағы № 75 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемелерде байқау кеңестерін құру Ережесін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, байқау кеңестерінің мүшелерін  конкурстуық іріктеу  және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату ережелерін бекіту туралы» бұйрығы
  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасына өзгерістер енгізу
  • Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 208-VІ «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы
  • "Денсаулық сақтау менеджерлерін сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрық жобасы

 

Әдістемелік ұсынымдар мен әдістемелер


-Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық жоспарын әзірлеу әдістемесі

-«Амбулаторлық және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда заманауи ресурстық үнемдеу технологияларын енгізу:  ұқыпты өндіріс технологиялары (Lean)»;

-«Медициналық ұйымдардың басшыларына сыйақы беру жүйесін енгізу»;

- Мемлекеттік органдардың қызметін бағалау әдістемесі

- БК кіретін тәуелсіз директорларды бағалау критерийлері бар әдіснама

- КБ негіздерін енгізу бойынша тәжірибелік нұсқаулық

- «Медициналық ұйымдарының  КБ әдіснамалық негіздері» анықтамалығы

- «Медициналық технологияларды бағалау принциптеріне негізделген инновациялық менеджмент технологияларын кезең-кезеңмен енгізу» әдістемелік ұсыныстары

- Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшылық (басқару және қаржы аппараты) лауазымына конкурстық және алқалық негізде кадрларды іріктеу және іріктеу қағидаттарын енгізу

  

  • Денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдардағы кадр қызметтерінің қызметін және hr-менеджментінің тиімділігін бағалау әдістемесі мен индикаторлары
  • Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының тапшылығын анықтау әдістемесі
  • Барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарында Кадрлық қызметтерді жаңғырту жоспарын жасау әдіснамасы
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын жоспарлау және болжау әдістері
  • Медициналық ұйымдардың кадр қызметі мамандарының құзыреттілік моделі
  • КРЗ бойынша статистикалық есепті жүргізу әдістемесін жетілдіру және оны ДДҰ, Еуростат ұсынымдарымен үйлестіру. КРЗ бойынша бірыңғай статистикалық нысанды енгізу
  • Мекеменің типтік бағдарламасы
  • ҚРЗ басқармасының Ұлттық саясаты
  • Денсаулық сақтау менеджерлерінің үздіксіз кәсіптік дамуының жеке жоспарының үлгі нысаны

Оқыту


  • «Денсаулық сақтау жүйесінде менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту», «Денсаулық сақтау саласындағы корпоративтік басқару», «HR-менеджмент. Кадрлық ресурстарды басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбында қашықтықтан оқыту курсы жүргізілуде.
  • 2019 жылы Менеджмент орталығы менеджмент пен корпоративтік басқаруды дамыту бойынша оқытуды, сондай-ақ денсаулық сақтау менеджменті саласында және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу бойынша Консалтингтік қызметтер көрсетуді жалғастыруды жоспарлап отыр.