ДСДРО-да 2017 жылдың сәуір айынан бері денсаулық сақтау саласындағы бастамаларды сүйемелдеу және қайта реттеу қызметі жұмыс істейді

 

Қызметтің іс-әрекеті туралы:


Денсаулық сақтау саласындағы бастамаларды сүйемелдеу және қайта реттеу қызметі  2017 жылдың 31 наурызындағы №43-н «Штаттық құрылымды және кестені бекітуі туралы» Бас директордың м.а. бұйрығымен құрылған, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Қызметтің жұмысы:

  1. «Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту» жобасын, «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту», «Жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдары үшін кедергілерді азайту  нарығын ырықтандыру» жобасы аясындағы бастамаларды,  «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша  кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру;
  2. Денсаулық сақтау саласында құқықтық және нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормалары бойынша бастама көтеру;
  3. Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріндегі әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тексеріс жүргізу;
  4. Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара бірлесіп әрекет ету. 

 

Раскрывающиеся блоки "div" на JavaScript. Демонстрация.

БАЙЛАНЫС

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, 18В кіреберіс

Телефон: 700-950 (1101,1035, 1141,1087)

Электрондық почта:

seidakhmetova_a@rcrz.kz

Balabekova_M@rcrz.kz

suyunshaliyev_m@rcrz.kz

aubakirova_af@rcrz.kz

 

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

 

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында «Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту» жобасын іске асыру аясында мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілді:

 

Төменде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің бұйрықтарының жобалары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілген:

 

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Жолаушылар және жүк тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын» бекіту туралы» бірлескен бұйрығының жобасы.

 

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ