Таразда №1 қалалық аурухана базасында клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану»  семинары болып өтті.

Шара аясында қатысушыларға 8-9 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен клиникалық фармакология және фармация жөніндегі «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану»  атты халықаралық конференцияның қорытындылары мен материалдары таныстырылды.

ДСДРО аймақтық өкілі Гүлмира Жараспаева әріптестеріне конференция аясында талқыланған бағдарлама мен өзекті мәселелер туралы мәлім етті.

Дәлелді медицина тұрғысынан нақты бір науқас үшін пайдаланылатын дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау мәселелері бірлескен талқылауға шығарылды.

Денсаулық сақтау саласындағы Сапа жөніндегі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың Атқарушы кеңесі (одан әрі - ISQua) 2017 жылдың 29 тамызында сарапшылар дайындау жөніндегі ұлттық оқу бағдарламасы сапаның халықаралық қағидаттарына сәйкес екендігі туралы кезекті шешімін шығарды.

Халықаралық қағидаттарға сәйкестік сертификаты 2021 жылдың тамыз айына дейін жарамды.  

Бұл ДСДРО Аккредиттеу орталығының төрт мүмкіндіктен ISQua халықаралық қағидаттарына сәйкес төртінші сертификаты.

Естеріңізге саламыз, 2017 жылдың басынан ДСДРО сапаның әлемдік стандарттарына сәйкес келетін ISQua аккредиттеуші ұйым ретінде танылды, стационарларға арналған стандарттар бойынша және амбулаториялық-емханалық ұйымдарға арналған стандарттар бойынша ISQua сертификаттарын алды.

Осының арқасында ДСДРО Аккредиттеу орталығы барлық бағдарламалар бойынша ISQua аккредитациясын алған ТМД және Шығыс Еуропа аймақтарындағы бірден-бір ұйым атанды.

Бұл Қазақстанның медициналық ұйымдарын аккредиттеу жүйесі ең жоғары деңгейдегі халықаралық талаптарға сәйкес келеді дегенді білдіреді және ДСДРО Аккредиттеу орталығы үдерістер әдістемелері және  ұйымдастыру жағынан  Joint Commission International (АҚШ) и Accreditation Canada (Канада) секілді халықаралық ұйымдармен бір қатарда тұрады.

19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасын дамыту аясында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында дөңгелек үстел болып өтті, онда Қазақстан Республикасындағы медициналық туристтерді статистикалық есепке алу тетіктерін және нормативтік-құқықтық деректерін әзірлеу мәселелері талқыланды.

Шараға ҚР ҰҚК шекара қызметінің, ҚР ІІМ көші-қон қызметінің, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, Ұлттық курорттық қауымдастығының қызметкерлері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының өкілдері қатысты. Олар «2020 жылға дейін медициналық туризм мен импорт алмастыруды дамыту» жобасының негізгі шараларын, жобаны жүзеге асыруға байланысты мәселелерді талқылады.

ДСДРО бас директорының орынбасары Айман Ысқақова өз сөзінде медициналық туризм бойынша статистикалық есептің жоқтығын айта келіп, оның нақты тетіктерін айқындау қажеттігі, сондай-ақ ҚР ҰҚК шекара қызметі мен ІІМ арқылы Қазақстанға келген медициналық туристтерді тіркеп, статистикалық есепке алу мүмкіндігі жайлы ойын ортаға салды.

15 қыркүйекте Алматыда «Денсаулық сақтау жобаларындағы МЖС серіктестік үлгісі: мерзімі мен шарттары» атты панельдік сессия өтті.

Шараға ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі А.Мүсірепова, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары Н.Күзембаев, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.Р.Ойнаров, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармаларының, Алматы қаласы медициналық ұйымдары, жекеменшік секторлары қауымдастығының өкілдері, Кореяның Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI)  ТМД-дағы ресми өкілі Ихе Ким және   ASAN, Inha University Hospital, Severance, Chaum Hospital, Gil Hospital – корейлік жетекші медицина операторларының өкілдері қатысты.

Кездесуді ұйымдастырушы – ҚР ҰЭМ «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ.

Кездесу барысында тараптар корейлік жетекші медицина мекемелерін  қазақстандық денсаулық сақтау объектілерін басқаруға тартудың нақты жобалары мен шарттарын қарастырды. Денсаулық сақтау басқармалары корейлік компаниялармен өзара әрекеттестікке әзір екендіктерін білдірді және жекелеген кездесулер аясында екі жақты ынтымақтастық шараларын талқылады.

12 қыркүйекте Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Қазақстандағы сырқаттардың даму үдерісін болжау және ұзақ мерзімді үлгілеу әдістемесін әзірлеу жөнінде жұмыс тәртібіндегі жиын болып өтті.  

Оған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ЖҚТБ-ның алдын алу және қарсы күрес орталығының, Онкология және радиология ҒЗИ-ның, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығының, University Medical Center өкілдері қатысты.

Жиынды ұйымдастырушы – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.

Жиын аясында сырқат дамуын болжауға қолайлы бағдарламалар пакетін іздестіру және түрлері бойынша үлгілеу жөніндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Салалық қызметтердің мамандары жиын қатысушыларының қарауына ЖҚТБ/АИВ-инфекциялары, онкология, кардиология және ішкі аурулар, ЖРВИ мен тұмау вирусының және ауруларының айналымы секілді инфекциялық, инфекциялық емес ауруларды үлгілеу және болжау тәсілдерін ұсынды.