«Болашақ энергиясы» форумында жаңғырмалы энергия арқылы өмір сүру сапасын жақсарту жолдары талқыланды

Кеше, 14 тамызда,  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында 12 конференциядан тұратын және көрменің негізгі шарасы болып табылатын екі күндік «Болашақ энергиясы» форумы өз жұмысын бастады.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова құттықтау сөз сөйлеген тоғызыншы конференция  «Жаңғырмалы энергетика және өмір сүру сапасы» тақырыбына арналды.

Сондай-ақ, конференцияның алғашқы күні «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ жаңа салаларды дамыту жөніндегі қосалқы басқарушы директоры Ержан Тұтқышев,  Climate-KIC директорының білім жөніндегі орынбасары Рахул Бансал, жаңғырмалы энергия көзі бөлімінің бағдарламалар жетекшісі Утэ Колльер, көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, «Ауылдық аудандарды электрлендіру үшін» альянсының және басқа да жаңғырмалы энергия көздері пайдаланылатын салада тәжірибелері бар халықаралық компаниялардың, сондай-ақ қоршаған орта мәселелерін көтеріп жүрген ғылыми  қоғамдастық өкілдері баяндама жасады. Мінбеден сөз алғандар жаңғырмалы  энергетиканы қолданатын елдердегі өмір сүру сапасының жақсару мүмкіндігі туралы айтып берді.

Айнұр Айыпханова өз сөзінде адам денсаулығына көптеген факторлар, оның ішінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық (қоршаған орта) факторлар әсер ететіндігін ерекше атап өтті.  Өкінішке қарай, денсаулық сақтау саласының кез келген жүйесі салауатты өмір салты, жүріс-тұрыс, генетика және медициналық көмек көрсету деңгейі кіретін денсаулық анықтауышы (детерминанты) бөлігінде ғана назарға ілінеді.

 

 

 

Спикер энергияның дәстүрлі көздерінің адам денсаулығына қолайсыз әсер ететіндігінің сенімді мысалдарын келтірді:  әлемдегі өлім-жітім мен түрлі сырқаттардың 25%-ы ластанған қоршаған орта әсеріне байланысты.

«Күнделікті өмір үшін таңдайтын энергия көзі денсаулығымызға айтарлықтай әсер ететіндігіне қарамастан,  денсаулық сақтау жүйесі оның салдарын жеңілдете алады. Денсаулық сақтау саласының өзін «көгалдандыру» жағымды жаһандық үрдіске айналып келеді. Қазірдің өзінде дамыған елдер медицинада энергия қолдануды азайтып келеді. Бұл бағыттағы халықаралық ынтымақтастық экономикасы дамушы елдерді денсаулық сақтау саласында саналы түрде энергетикалық ресурстарды пайдалануға ынталандырады», - деп атап өтті Айнұр Айыпханова.

ДСДРО бас директоры халықаралық қауымға энергетикалық  ресурстарды орынды пайдалануда Қазақстанның заманауи технологияларды қолдануға деген ұмтылысы  туралы мәлім етті. Сондай-ақ мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші экономикалық жаңғыруына, отын-кен экономикасынан алдыңғы қатарлы сандық технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті адами капиталды қолдайтын шағын бизнесі, құрылыс және ауыл шаруашылығы салалары дамыған экономикаға өтетіндігіне қатысты нанымды дәлелдері келтірілді.

EXPO-2017 Халықаралық көрмесі мен «Болашақ энергиясы» форумы,  энергия көздері саласындағы ел басымдықтары қай деңгейде тұрғандығына қарамастан, ғаламдық тұрғыда жаңғырмалы энергия көздерін жақтаушы  маңызды қадам», - деп қорытындылады ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова.