ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ HR-МЕНЕДЖЕРЛЕРІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ КАДРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН МЕҢГЕРДІ
- Толығырақ
- Автор: Super User
Түркістан облысындағы 47 мемлекеттік медициналық ұйымның HR-менеджерлері «HR-менеджмент: Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарды басқарудың заманауи технологиялары» атты семинарға қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты - персоналды басқару саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарды есепке алу, жоспарлау және талдау бойынша практикалық дағдыларды дамыту.
Семинар аясында қатысушылар: кадрлар бойынша статистикалық нысандарды жүргізу және есептілік дайындау бойынша тәжірибелік дағдыларға ие болды, жаңартылған әдістеме бойынша медициналық кадрлар тапшылығын есептеу тәсілін меңгерді, нормативтер мен нақты қажеттіліктерді ескере отырып, штаттық кестені қалыптастыру мен негіздеуді үйренді, HR-менеджменттің заманауи құралдарымен және еңбек заңнамасын тәжірибеде қолданумен танысты.
Сондай-ақ, оқыту барысында саланың цифрлық дамуы жағдайында тұрақты кадрлық әлеуетті қалыптастыруға бағытталған стратегиялық тәсілдер мен персоналды басқарудың заманауи технологияларына ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, ҰҒДСДО денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстар бойынша Ұлттық үйлестіруші ретінде әрекет етеді және кадрлық ресурстарды болжау, мониторинг жүргізу және басқарудың жүйелі тәсілін дамытуға әдістемелік қолдау көрсетеді.
ҰҒДСДО оқыту семинарлары мен біліктілік арттыру курстарына қатысуға шақырады
- Толығырақ
- Автор: Super User









САЛИДАТ ҚАЙЫРБЕКОВА АТЫНДАҒЫ ҰҒДСДО ЖУРНАЛДА БІРЕГЕЙ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ШОЛУ МАҚАЛАЛАРЫН ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ӨЗ АЛАҢЫН ҰСЫНАДЫ
- Толығырақ
- Автор: Super User
Құрметті әріптестер!
Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО «Journal of Health Development» (РҒДИ, CrossRef, CyberLeninka, Google Schoolar индекстелетін) журналында бірегей зерттеулер мен шолу мақалаларын жариялау үшін өз алаңын ұсынады.
Журнал тоқсан сайын жарық көреді және денсаулық сақтау стратегиясы мен саясаты, денсаулық сақтау менеджменті мен корпоративтік басқару, денсаулық сақтау экономикасы, қоғамдық денсаулық және өзге де тақырыптардағы өзекті мәселелері бойынша Policy Brief бірегей және шолу мақалаларын жариялайды.
Жарияланымдарды кеңінен талқылау, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін отандық денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу үшін редакция мақалаларға (OpenAccess) толық ашық қолжетімділік саясатын ұстанады.
✅ Жас ғалымдарды қолдау мақсатында басылымның әр нөмірінде еліміздің медициналық ЖОО магистранттары мен PhD докторанттарының мақалаларын жариялайтынын атап өткен жөн.
Аталған журналда мақала жариялау тегін негізде жүргізіледі. Жарияланымдарды ұсыну толығымен онлайн режимінде автоматтандырылған және пайдаланушы үшін еш қиындық тудырмайды.
Journal of Health Development — ашық қол жетімділікті қамтамасыз ететін қос «соқыр» шолу жүйесі бар халықаралық журнал. Бүгінгі күні біздің журнал қарқынды дамып, Scopus және Web of Science сияқты рейтингтік дерекқорлардың негізгі талаптарына сай болуға тырысуда.
✅ Сонымен бірге, Journal of Health Development ҚР ҒжЖБМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (КОКСОН) ұсынған ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін №2 тізбесіне енгінгілген (2024 жылғы 12 шілдедегі №603 бұйрық).
Журнал мазмұнымен сайттан танысуыңызға болады: http://jhdkz.org
Қауымдастырылған редактор, PhD Оразова Ғалия Ұзаққызымен байланыс орнату үшін:
Тел: +7 702 879 01 76
E-mail: editor.journalhd@gmail.com.
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ҰҒДСДО 56 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДЫ АККРЕДИТЕДІ
- Толығырақ
- Автор: Super User











ҰҒДСДО 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖИНАҚТЫ ДАЙЫНДАДЫ
- Толығырақ
- Автор: Super User
Осы жинақта 2022-2023 жылдарда Қазақстан халқы денсаулығының көрсеткіштері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы статистикалық материалдар жарияланған.
Жинаққа қол жеткен жетістіктер деңгейін, облыстардың, Алматы, Астана мен Шымкент қалалары арасында, кейбір көрсеткіштер бойынша басқа мемлекеттермен де салыстыру және талдау үшін көрсеткіштері берілген.
Осы жинақ негізгі жұмыс көрсеткіштері сандар арқылы сипатталған.
Статистикалық жинақ 20 бөлімнен тұрады. Бөлімдерде берілген көрсеткіштер мемлекеттік, жекеменшік және ведомстволық болып бөлінеді. Сонымен қатар, жинақта қалалық және ауылдық денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер кеңінен сипатталады.
Ұсынылып отырған жинақ денсаулық сақтау қызметін ұйымдастырушыларға денсаулық сақтау саласындағы саясатпен айналысатын және шешімдер қабылдап жүрген адамдарға, сондай-ақ медициналық қызметтің лицензиарларына арналған.
Жинақпен танысып, жүктеу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://nrchd.kz/index.php/ru/?option=com_content&view=article&id=973