САЛИДАТ ҚАЙЫРБЕКОВАНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Центр в Нур-Султане переименовали в честь Салидат Каирбековой: 06 августа  2021, 12:10 - новости на Tengrinews.kz

 

Салидат Зекенқызы Қайырбекованың өмірбаяндық деректері

 

Салидат Зекенқызы Қарағанды облысында дүниеге келген.

1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

1984 жылдан 1998 жылға дейін Қарағанды облысының медициналық ұйымдарында дәрігер-невропатолог, Қарағанды облыстық көп бейінді емдеу-диагностикалық бірлестігінің бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1998 жылдан 2001 жылға дейін – Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының № 5 медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының төрағасы.

2001-2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды басқару кафедрасының ізденушісі.

2001-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, емдеу-алдын алу департаменті директорының орынбасары, аппарат басшысы.

2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2004-2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры.

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

2008 жылғы 4 желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.

2009 жылғы 5 қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі болып тағайындалды

2010 жылғы 7 қазанда — Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

2014 жылғы 6 тамыз-Президенттің Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қайта ұйымдастырылуына байланысты министр қызметінен босатылды.

2014 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды.

2015 жылғы 13 қазанда — «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарды.

 

Марапаттары: 2009 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.