Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы бұйрыққа қол қойылды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.
Әзірленген стандарт анестезиологтар мен реаниматологтар жұмысын жүйелендіруге және жеңілдетуге, пациентті медициналық көмек көрсету кезіндегі жауапсыздықтан және дәрігерді негізсіз сот айыптауларынан қорғауға көмектеседі.
Аталған стандарт Бұйрық ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ғана күшіне енеді.
Бұдан бұрын бұйрық жобасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссиясының отырысында үкіметтік емес аккредиттелген ұйымдармен мақұлданған болатын.
Стандартты әзірлеу бастамасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған-ды.
Министрдің бұйрығымен мына сілтемеге өте отырып, танысуға болады.
ДДҰ Қазақстанның БҰҰ тұрақты даму мақсаттары аясында ана өлімін азайтудағы жетістік тарихын жариялады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) «2017 жылғы Денсаулық сақтаудың әлемдік статистикасы: тұрақты даму мақсаттарындағы денсаулық мониторингі» деп аталатын жыл сайынғы жинағын шығарды, онда ДДҰ-на мүше 194 елдің деректері жинақталған. Жинақтың көздеген нүктесі – бүкіл әлем үшін БҰҰ айқындаған тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу.
Жинақтың бірінші бөлімінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ДДҰ қозғаған алты іс-әрекет сипатталады. Екінші бөлім 2017 жылғы шұғыл деректер бойынша ТДМ жетістіктерінің ағымдағы мәртебесіне арналған. Жинақтың үшінші бөлімінде ДДҰ ұсынған іс-әрекеттер арқылы халық денсаулығын жақсартуға күш салып отырған кейбір елдердің жетістік тарихы жарияланған. Ұсынылған жетістіктер тарихы елдердің денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін қабылдаған шаралар жиынтығын көрсетеді, ол өз кезегінде тұрғындар өмірін қорғайтын реформалар енгізуді жеделдетеді.
ТДМ 3.1 ана өлімін болдырмауға бағытталған, Қазақстанның жетістігі дәл осы салада байқалады.
Қазақстан аймақтарында «Үнемді өндіріс негіздері» бойынша семинарлар өтеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұйымдастыруымен 2-6 қазан аралығында «Үнемді өндіріс негіздері» тақырыбында 5 күндік оқыту циклі болып өтті. Енді осыған ұқсас семинарлар Қазақстанның барлық аймағында (2017 жылғы 10 қазан мен 2018 жылғы 1 маусым аралығында) өткізілмек.
Семинарларға тренер ретінде Еуропалық Сапа Ұйымының бас консультанты, Үнемді өндіріспен тәжірибе жүзінде айналысушы, сапа менеджменті, экологиялық менеджмент және денсаулықты қорғау менеджменті мәселелері жөніндегі сарапшы Серік Жолдаспаев шақырылады.
Оқыту аяқталған соң қатысушылар 54 сағат көлемінде «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктіліктерін арттырғандықтары туралы куәлік алады.
Алған білім басқарудың тиімділігін арттыруға, шығындарды, оның ішінде қаржылық және еңбек шығындарын азайтуға; медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Астанада өткен «Медициналық генетиканың өзекті мәселелері» тренингі өз мәресіне жетті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ұйымдастырған «Медициналық генетиканың өзекті мәселелері» тақырыбындағы 5 күндік тренинг аяқталып, өз мересіне жетті.
Бұл тренинг қазақстандық мамандар үшін онкологиялық (балалар бөлімдерін қоса алғанда) қызметке, метаболизмдік бұзылыстар негіз болатын ауруларды емдеуде медициналық генетиканы енгізу бойынша оқыту тренингі сериясындағы алғашқы қадам болды.
Бүгінгі күнге дейін медициналық генетиканы оқыту Қазақстанда тек лабораториялық қызмет бағытындағы генетиктер арасында ғана өтетін. Бұл жолы өткен тренингтің ерекшелігі базалық клиникалық негізге мән берілді.
Тренингте спикер ретінде тәжірибе жүзіндегі кәсіби мамандар сөз алды: Америкалық генетиктер кеңесінің президенті, профессор Рид Саттон, генетика мәселелері бойынша консультант Эрик Шмидт, PhD, Baylor Genetics, және Сальма Нассеф, Бэйлор Медицина Мектебінің молекулярлық және адами генетика кафедрасының генетика жөніндегі нұсқаушысы (АҚШ).
Лондонда ISQua сертификаттарын салтанатты тапсыру рәсімі өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Лондонда 1-4 қазанда Денсаулық сақтау саласындағы Сапа жөніндегі халықаралық кеңесінің (ISQua) 34 конференциясы болып өтті. Конференция аясында ДСДРО Аккредиттеу орталығына бұрын берілген ISQua сертификаттары салтанатты түрде табысталды.