Құлқаева Гүлнар Өтепергенқызы
«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-ның Басқарма Төрайымы
1969 жылы РФ Волгоград қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Астрахан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009 жылы Нагоя университетінен (Жапония) «Денсаулық сақтауды басқару» магистрі дәрежесін алып шыққан.
2015 жылы Алматы Халықаралық бизнес академиясынан «Іскерлік әкімшілік» магистрі дәрежесін алған.
Медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1996 жылы облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жұқпалы аурулар дәрігері (Астрахан қаласы) болып бастаған.
2002 - 2010 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті Алғашқы медициналық-санитарлық көмек басқармасының бас сарапшысы;
2010 – 2014 жылдар аралығында - Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық жұмыс және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық көмек басқармасының бастығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2014 – 2015 жж. - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры;
2015 – 2016 жж. - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары;
2016 – 2017 жж. - Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
2017 – 2018 жж. – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры;
2018 – 2021 жж. - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары;
2021 жылдан 2023 жылғы мамыр аралығында - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының Басқарма Төрайымы;
2023 жылғы мамырдан бастап - «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-ның Басқарма Төрайымы қызметін атқаруда.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін әр жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет Грамотасымен, Қазақстан Республикасы Денсуалық сақтау министрлігінің Құрмет Грамоталарымен, «Ерен еңбегi үшiн» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.