ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ТУРАЛЫ КЕҢЕСТЕР
- Толығырақ
- Автор: Super User
Өкінішке орай, бүгінгі таңда дұрыс тамақтану принциптерін қатаң ұстану оңай емес: асығып жолай фаст-фуд жейміз, спортпен айналысуға да әрдайым уақыт табыла бермейді.
Дегенмен, салауатты өмір салтын ұстану, оның ішінде дұрыс тамақтануға назар аудару маңызды. Сонымен, дұрыс тамақтанудың басты қағидалары қандай?
ТАҢҒЫ АС ІШУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ
Таңғы ас - адам бойындағы күш-қуат пен жұмыс істеу қабілетінің артып, көңіл күйдің қалыпты болуына оң әсер етеді. Сондықтан таңғы асты ішіп жүруді әдетке айналдыру керек.
ҚАРНЫҢЫЗ АШҚАН КЕЗДЕ ҒАНА ТАМАҚТАНЫҢЫЗ
Тәбет болғанда ғана тамақтанған дұрыс. Тамақ ішпес бұрын Өзіңізге «Шынымен қарным ашып тұр ма?» деген сұрақ қойыңыз. Қарныңыз тойып немесе асқа зауқыңыз соқпаса ас ішуге отырмаған жөн. Бұл Сізге қосымша калория мен артық тамақ ішуден аулақ болуға көмектеседі.
ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА ТАМАҚ ІШПЕҢІЗ
Кешкі ас ішуді ұйықтар алдында 1-1,5 сағат бұрын жоспарлаған дұрыс. Ұйқы кезінде ас баяу қорытылады, сондықтан ұйықтар алдында тойып тамақтанбау керек.
ЖЕМІС ПЕН КӨКӨНІС ПАЙДАЛЫ
Көкөніс пен жемістерді күнделікті пайдалану ағзадағы холестерин деңгейін төмендетіп, қан қысымын қалыпты нормада ұстап, қан айналым жүйелерін ретке келтіреді. Иммундық жүйені жақсартуға ықпал етеді.
СУДЫ КӨБІРЕК ІШІҢІЗ
Күнделікті кем дегенде 2 литр су ішу қажет. Себебі, суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған кезде ағзадан тұздар мен токсиндер шығарылады.
ҚАНТ ҚАБЫЛДАУДЫ АЗАЙТЫҢЫЗ
Қанты ботқа, шайға, кофеге аз көлемде қосыңыз. Құрамында қанты көп тағамдардан аулақ болыңыз: ол кетчуп және тұздықтар. Бұл денсаулықты сақтауға және қандағы қант деңгейін қалыпты сақтап тұруға көмектеседі.
СМАРТФОНСЫЗ ТАМАҚТАНУ
Ас қабылдағанда бөгде заттарға көңіл аудармаңыз. Әсіресе, смартфон немесе теледидар қарау дұрыс емес, ойды тамаққа аударыңыз. Сонда тәбетіңіз ашылып, тамақ сіңімді болады.
БЕЛСЕНДІ БОЛЫҢЫЗ – КӨБІРЕК ҚОЗҒАЛЫҢЫЗ
Қалыпты метаболизмді және денсаулықты сақтау үшін жиірек қимылдаңыз. Әсіресе, теледиар, ұялы телефон қарап ұзақ отыру зиян.
Антибиотикке төзімділік туралы не білесіз?
- Толығырақ
- Автор: Super User
Егер сізде белгілі бір антибиотикке төзімді бактериялық инфекция болса, дәрігер басқа, сәйкесінше, сол организмге тиімді антибиотик тағайындай алады.
Антибиотиктерге төзімділіктің алдын алу үшін дәрігердің рецепт бойынша дәрі қабылдау жөніндегі барлық нұсқауларын орындаңыз
- Вирусты инфекцияны емдеуде антибиотиктерді қолданбау;
- Антибиотиктерді «алдын алу үшін», «сақтану үшін» қолданбау;
- Дәрігермен берілген антибиотиктердің барлық курсын нұсқаулар бойынша аяқтаңыз, тіпті егер сіз оларды аяқтамас бұрын жақсы сезінсеңіз де;
- Дәрігермен бәлгіленген антибиотик дозасын өзгертпеу;
- «Бағасы қымбат және тастауға обал» деп емдеу курсы аяқталған уақытта антибиотикті қабылдамау;
- Ешқашан дәрі-дәрмектеріңізді басқалармен бөліспеңіз немесе басқа адамға тағайындалған дәріні ішпеңіз.
СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРДАР БОЛУ АЙЫ
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүкіл әлемде бірінші қазан күні сүтбезі қатерлі ісігіменкүресугеарналған«Күлгінқазан»акциясыбасталады.Бұл акцияжалпыонкологиялықаурулардыңалдын алу жәнеемдеушараларытуралыхалықтыңхабардар болу деңгейін арттырумақсатында өткізіледі.Сүтбезініңқатерлі ісігі, әсіресеертеанықталғанкезде(95%жағдайда) сәтті емделеді.
Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымының(ДДСҰ)мәліметінше, 2022жылыЕуропалықаймақта сүт безі қатерліісігінің600000-нан астамжаңажағдайытіркелген,бұлонкологиялықдиагноздардыңжалпысанының12% - дан астамын құрайды.
Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі әйелдердегі қатерлі ісіктер арасында бірінші орында тұр. Жыл сайын елімізде 5000-ға жуық жаңа жағдай анықталса, өкінішке орай 1200-ге дейін әйел осы аурудан қайтыс болуда (25%).
Соныменқатар,қатерліісіктітудыратынфакторлардың,әсіресесүтбезіқатерлі ісігінің қаупі күннен-күнге артып келеді.
Жоғары жүктемелер және дұрыс тамақтанбау гормоналды теңгерімсіздікті тудырып, бұл қатерлі ісіктің пайда болуына алып келуде.
Айта кетейік, 2011жылданбастапҚазақстандасүтбезіқатерлі ісігінертеанықтаумақсатында40 пен 70жасаралығындағыәйелдергескринингтік тексерулерден өткізілуде.
Ол үшін, тіркелген жеріңізбойыншаемханаға барыптегінскринингтен өтіңіз. Қазақстанда онкологиялықаурулардыемдеугеарналғанбарлықшығыстартегінмедициналықкөмектіңкепілдік берілген көлемішеңберінде көрсетіледі.
Өзіңізге қамқорлық жасаңыз, денсаулығыңызды тексеріңіз!
Сүт безінің обыры
- Толығырақ
- Автор: Super User
Сүт безінің обыры – ДДСҰ Еуропалық өңірінде ең көп таралған онкологиялық ауру және әйелдер арасындағы обырдан болатын өлімнің негізгі себебі.
ДДСҰ ақпаратына сәйкес, ДДСҰ–ның Еуропалық өңірінде сүт безінің обыры сағат сайын 66 әйелде диагностикаланады, ал 18-і осы дерттен қайтыс болады.