Бос орындар

           ҰҒДСДО-ға қарасты бос жұмыс орындарына қатысты сұрақтарыңыз бойынша HR департаментінің бас маманы Байдүйсен Лаура Талғатбекқызына 8 (7172) 570-951 (ішкі 1026) нөмері арқылы хабарласуыңызға болады

       

Дәрілік саясатты жетілдіру департаменті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың формулярлық жүйесін дамыту және кәсіби сараптама басқармасының бас маманы

Қойылатын талаптар:

- Жоғары медициналық білім және / немесе жоғары фармацевтикалық білім. "Медицина", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент" мамандықтары бойынша магистратура;
- Мамандығы бойынша жұмыс өтілі - кемінде 3 жыл;
- Дәлелді медицинаның және дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін білу;
- Ағылшын тілін білу;
- "Клиникалық фармакология" резидентурасы.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша талдамалық жұмыстың практикалық іскерлігі.
- Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
- дәрілік препараттың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша дәлелді медицина дерекқорында ақпарат іздеуді жүргізу;
- бөлімшенің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес дәрілік заттар, дәрілік қамтамасыз ету және формулярлық жүйе туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
- уәкілетті органның, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың сауалдарына білікті жауаптар беру.