ДСДРО медициналық ұйымдарға кеңес беру қызметтерін ұсынады

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Аккредитация орталығы медициналық ұйымдарға денсаулық сақтау саласында аккредитациядан өтуге дайындық, қызметкерлерді оқыту  шаралары бойынша кәсіби кеңес беру қызметтерін ұсынады.

Орталықтың білікті мамандары да, сыртқы кешенді бағалаудан өтуге мамандарды дайындау тәжірибесі де жеткілікті. Сондай-ақ, аккредитациялаудың ұлттық стандарттарын әзірлеуші және Қазақстан Республикасындағы  ұлттық аккредиттеуге дайындық жөніндегі әдістемелік орталық болып табылады.

Кеңес беру қызметтерінен күтілетін нәтижелер:

- көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының артуы;

- медициналық көмек алу кезіндегі қызмет көрсету деңгейін жақсарту, пациенттер үшін қауіп-қатерді азайту;

- медициналық тұрғыда кеткен қателіктерді анықтауда және талдауда заманауи тәсілдерді қолдана отырып, пациент қауіпсіздігін күшейту;

- ұжымды ынталандыру және корпоративтік рухын көтеру.

Оқыту ақылы негізде жүргізіледі. 20-дан аса тыңдаушы жиналған жағдайда, лекторлар медициналық ұйым орналасқан жерге барып оқытуы мүмкін.

Кеңес беру және білім беру қызметтерінің тізбесі мен ақысы туралы ақпаратпен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтынан мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Барлық қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша 8 7172 700-950 (внутр.1129,1051) телефоны немесе c.aккred@mail.ru электронды  поштасы арқылы хабарласуға болады.