ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен бірлесіп облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, ғылыми орталықтардың, ҒЗИ-ның және медициналық жоғары оқу орындарының өкілдеріне жобалық басқаруды енгізу мәселелері бойынша оқыту-үйрету семинарын ұйымдастырды.
Оқыту шаралары ДСДРО базасында 8-9 тамыз күндері өтті, оған ҚР мемлекеттік органдарында енгізілген жобалық тәсілдеме аясыында құрылған жобалық топтардың қатысушылары - 60-тан астам тыңдаушылар қатысты.
Семинар аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі жобалық тәсілдемені енгізудің халықаралық тәжірибелерін талдау арқылы жобалық басқарудың негізгі түсініктері, бағыттары таныстырылды.
В рамках семинара были презентованы основные понятия проектного управления с анализом международного опыта внедрения проектного подхода в системе государственного планирования.
Министрлік қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және сектораралық өзара қарым-қатынасты дамыту, барлық деңгейдегі медициналық көмекті пациент мүдделерінің айналасына жұмылдыру және АМСК-ті басым бағытта дамыту, ұлттық дәрі-дәрмек саясаты, адами ресурстарды стратегиялық басқару, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру және сандық нұсқаға көшіру секілді аймақтарда енгізу үшін жоспарланып отырған жобаларды ұсынды.
Семинар соңында аймақтарда, ҒЗИ-да, ұлттық орталықтарда, медициналық жоғары оқу орындарында жобалық басқаруды енгізу мәселелері талқыланды.
Аталған тәсілді пайдалану уақытша және ресурстық шектеулі жағдайларда алға қойған мақсаттарға тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.