Құрметті әріптестер!
2022 жылдың 22-23 сәуірінде «Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШЕОА) өңірінде Денсаулық сақтау технологияларын бағалауды дамыту перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ к-сі, 60/1, «Sheraton Nur-Sultan Hotel» қонақ үйі
Күні мен уақыты: 2022 ж. 22-23 сәуірі
22 сәуір – 08:30-18:35
23 сәуір – 09:00-13:00
Ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ, сондай-ақ Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі халықаралық мамандар қоғамының (HTAi) және денсаулық сақтау экономикасы және нәтижелерді зерттеу саласындағы халықаралық қоғамның (ISPOR) қолдауымен «Қазақстан ДСТБ, дәлелді медицина және фармакоэкономикалық зерттеулер қауымдастығы» ЗТБ-мен ынтымақтастуымен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы.
Шараға денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және денсаулық сақтауды қаржыландыру саласында жұмыс істейтін мамандар, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану, Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және фармакоэкономика саласында жұмыс істейтін ғалымдар мен сарапшылар шақырылады.
Конференция оқыту, кәсіби қарым-қатынас жасау, жинақталған тәжірибе мен озық идеялармен алмасу үшін кәсіби платформаны ұсынады. Бағдарлама және қатысушыларды тіркеу туралы қосымша ақпаратты конференция сайтынан алуға болады https://hta2022.kz//
Мүдделі тұлғаларды конференцияға қатысуға шақырамыз. Ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша https://hta2022.kz// сайтында және +7 7172 700-950 (ішкі. 1000), +7 777 490 04 49 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШЕОА) өңірінде Денсаулық сақтау технологияларын бағалауды дамыту перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ к-сі, 60/1, «Sheraton Nur-Sultan Hotel» қонақ үйі
Күні мен уақыты: 2022 ж. 22-23 сәуірі
Жұма, 2022 жыл 22 сәуір
8:00 - 9:00 |
Қатысушыларды тіркеу, материалдарды тарату. Кофе, нетворкинг.
|
9:00 - 9:20 |
Конференцияның ашылуы. Конференцияның мақсаты туралы қысқаша кіріспе бөлім. Конференцияның ұйымдастырушылары, спикерлері, құрылымы және жалпы бағдарламасы туралы ақпарат ұсыну.
Құттықтау сөзі: Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Вайя Оортвин – HTAi Денсаулық сақтау технологияларын бағалау Халықаралық қауымдастығының президенті, Нидерланды Исао Камае (онлайн) – Халықаралық денсаулық сақтау экономикасын зерттеу және нәтижелерді бағалау қоғамының президенті ISPOR, Жапония.
|
9:20 - 10:30 |
Пленарлық сессияның ашылуы: Денсаулық сақтау технологияларын бағалау (ДСТБ) ШЕОА аймағында медициналық көмекпен жаппай қамтуды қамтамасыз ету құралы ретінде.
ДСТБ денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюы салдарынан басымдықтарды айқындау құралы болып танылды. Аталған сессияның мақсаты-денсаулық сақтау технологияларын бағалаудың қазіргі жағдайын, медициналық көмектің объективтілігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету – ДДҰ ұсынымдары, қатысушылардың елдік тәжірибесі.
Модераторлар: Александр Костюк – ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Басқарма Төрағасы, Қазақстан. Вайя Оортвин – HTAi Денсаулық сақтау технологияларын бағалау Халықаралық қауымдастығының президенті, Нидерланды.
Спикерлер (10-12 минут): Золтан Кало (онлайн)– Syreon институтының басшысы, Семмельвейс университетінің профессоры, Венгрия. Рабия Кавечи-HTAi Денсаулық сақтау технологияларын бағалау Халықаралық қауымдастығының Вице – президенті, SAFEMed Түркия аға техникалық кеңесшісі Кшиштоф Ланда - Meritum L. A Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі халықаралық сарапшы, Польша. Вайя Оортвин - HTAi Денсаулық сақтау технологияларын бағалау Халықаралық қауымдастығының президенті, Нидерланды. Александр Костюк – ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Басқарма Төрағасы, Қазақстан. |
10:30 - 11:00 |
Кофе-брейк, нетворкинг |
11:00 - 12:30 |
1-панельдік сессия: Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тиімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау технологияларын бағалаудың рөлі.
Мемлекеттік немесе сақтандыруды қаржыландыру пакетіне енгізу кезінде медициналық араласулар тиімділігінің медициналық, экономикалық және әлеуметтік аспектілерін ескеру қажеттілігін талқылау. Ең тиімді медициналық араласуларға қол жетімділікті одан әрі кеңейту және әділ тариф құру үшін ТТ мен клиникалық-экономикалық тиімділікті бағалауға негізделген тәсілдердің маңызы.
Модераторлар: Болат Төкежанов – Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Рабия Кавечи - HTAi Денсаулық сақтау технологияларын бағалау Халықаралық қауымдастығының Вице-президенті, SAFEMed Түркия аға техникалық кеңесшісі
Панелистер (7-8 минут): Миранна Хужич (онлайн) – дәлелдер және Денсаулық сақтау технологияларын бағалау орталығының директоры, Хорватия Алена Мандрик (онлайн) – ScHARR ғылыми қызметкері, Шеффилд университеті, Ұлыбритания Набиль Сеидов – Қоғамдық денсаулық сақтау және реформалар орталығының жоспарлау және денсаулық сақтау саясаты департаментінің басшысы, Азебайджан Марта Симонян (оңалайн) – Ереван мемлекеттік медицина университетінің профессоры, Армениядағы ISPOR бөлімшесінің президенті, Армения. Томаш Долежал – Value Outcomes директоры, Чехия. Әлима Әлмәдиева – Қазақстандық денсаулық сақтау технологияларын бағалау агенттігінің бас директоры, Қазақстан. Әділет Табаров – Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Экономика және денсаулық сақтау технологияларын бағалау департаментінің басшысы Бермет Барықтыбасова – ҚР ДСМ Дәлелді медицина жөніндегі консультанты, Қырғызстандағы ISPOR бөлімшесінің президенті, Қырғызстан.
|
12:30 - 13:30 |
Ланч |
13:30 - 15:00 |
2-панельдік сессия: Дәрілік заттарды өтеу немесе сатып алу тізбелеріне енгізу үшін ТББ талаптары
Өтеу немесе сатып алу тізбелерін қалыптастыру, сондай-ақ шешімдер қабылдаудың ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ету кезіндегі ТББ мәні. әділ баға белгілеу және дәрі-дәрмектерді төлеу дайындығының шегін ескере отырып, клиникалық және экономикалық тиімділік туралы мәліметтерге негізделген қамту.
Модераторлар: Талғат Нұрғожин – С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, Қазақстандағы ISPOR бөлімшесінің құрметті президенті, Қазақстан Кшиштоф Ланда – Meritum L. A Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі халықаралық сарапшы, Польша
Панелистер (7-8 минут): Кшиштоф Ланда – Meritum L. A Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі халықаралық сарапшы, Польша Рок Хрен - Любляна Университетінің Профессоры, Словения Гуэнка Петрова – София Университетінің Профессоры, Болгария Елена Читан (онлайн) – Ұлттық сақтандыру компаниясының дәрі-дәрмек саясаты қызметінің басшысы, Молдова Тарик Катич – Сараево университетінің профессоры, Босния және Герцоговиня Александр Костюк – ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Басқарма Төрағасы, Қазақстан Бақытгүл Ермекбаева – UMC Ғылым және білім департаментінің бас менеджері, Назарбаев Университеті, Қазақстан Нұргүл Алдиярова – Клиникалық фармакологтар және фармацевтер кәсіби қауымдастығының Вице-президенті, Қазақстан.
|
15:00 - 15:30 |
Кофе-брейк, нетворкинг |
15:30 - 17:00 |
3-панельдік сессия: Медициналық бұйымдарды бағалау үшін ДСТБ пайдалану. Медициналық бұйымдарды ТББ саласындағы озық тәжірибе. Пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсарту және жүйелік шығындарды азайту үшін жауапкершілік шеңберінде инновациялық медициналық бұйымдарды денсаулық сақтау жүйесіне енгізудің проблемалары мен мүмкіндіктері.
Модераторлар: Константин Гаркалов - "KazSPOR" Қазақстан ДСТБ, дәлелді медицина және фармакоэкономикалық зерттеулер қауымдастығының президенті, Қазақстан Хикматулла Зайнутдинов – Ташкент фармацевтикалық институтының профессоры, Өзбекстан
Панелистер (7-8 минут):
Анастасия Халкиду-Медициналық технологиялар мен интервенциялық процедураларды бағалау бағдарламасы директорының орынбасары, NICE, Ұлыбритания Олег Борисенко (онлайн) – MTRC директоры, Испания Ласло Лоренцович - ДСТБ бойынша сарапшы-кеңесші, Румыния Мартин Вишнански-Словакия, Chiesi Slovakia компаниясының бас менеджері Андрей Авдеев – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы стратегиялық және инновациялық даму бөлімінің бастығы, Қазақстан Натия Квиджинадзе (онлайн)– Тбилиси мемлекеттік медицина университетінің профессоры, Грузия Сурайе Шукурова – Тәжік медицина кадрларын дипломнан кейінгі даярлау институтының профессоры, Тәжікстан Ләззат Көшербаева – С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті саясат және менеджмент және денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан
|
17:00 - 17:10 |
Қысқа үзіліс, салқын сусындар |
|
|
17:10 - 17:50 |
Қорытынды пленарлық сессия: ШЕОА өңірі елдеріндегі ДСТБ дамуының жаңа сын-тегеуріндері мен перспективалары .
Денсаулық сақтау саласында шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен негізділігін арттыру және ОТЗ енгізудің ағымдағы кедергілері мен фасилитаторлары. Аймақтық және халықаралық интеграция мәселелері.
Модераторлар: Надежда Петухова – Еуразиялық медицина қауымдастығының төрайымы, Қазақстан Бермет Барықтыбасова – ҚР ДСМ Дәлелді медицина жөніндегі консультант, Қырғызстандағы ISPOR бөлімшесінің президенті, Қырғызстан
Спикерлер (10-12 минут): Вайя Оортвин – HTAi Денсаулық сақтау технологияларын бағалау Халықаралық қауымдастығының президенті, Нидерланды Рабия Кавечи - HTAi Денсаулық сақтау технологияларын бағалау Халықаралық қауымдастығының Вице-президенті, SAFEMed Түркия аға техникалық кеңесшісі Берталан Немет (онлайн) – Syreon институтының ғылым жөніндегі директоры, Венгрия Әлима Әлмәдиева - Қазақстандық денсаулық сақтау технологияларын бағалау агенттігінің бас директоры, Қазақстан
|
17:50 - 18:00 |
Конференцияның 1-ші күнінің аяқталуы. Қорытындылау. 2-ші күн бағдарламасын талқылау |
Сенбі, 2022 жыл 23 сәуір
9:00 - 10:45 |
Ғылыми-практикалық симпозиум: қажеттілікті жоспарлау дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету құралы ретінде ("Джонсон & Джонсон" ЖШҚ Қазақстан Республикасындағы филиалының қолдауымен) Бағдарлама және қатысушылар құрамы нақтылануда
|
9:00 - 10:45 |
Ғылыми-практикалық симпозиум: дәрілік қамтамасыз етудің инновациялық модельдері қолжетімділікті арттыру құралы ретінде ("Новартис Фарма Сервисэз АГ" филиалының қолдауымен)
Бағдарлама және қатысушылар құрамы нақтылануда
|
10:45 - 11:15 |
Кофе-брейк, нетворкинг
|
11:15 - 13:00 |
Ғылыми-практикалық симпозиум: медициналық бұйымдарға қатысты ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру құралы ретінде клиникалық-экономикалық бағалау нәтижелері (тақырыбы және (немесе)атауы нақтылануы мүмкін) Бағдарлама мен қатысушылар құрамы кейінірек келісіледі
|
11:15 - 13:00 |
Ғылыми-практикалық симпозиум: технологияларды ерте бағалау және оның дәрілік препараттарды отандық әзірлеу мен локализациялаудағы рөлі (тақырыбы және (немесе)атауы нақтылануы мүмкін)
Бағдарлама мен қатысушылар құрамы кейінірек келісіледі |