Астанада медициналық қызметкерлер мен ұйымдардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру механизмдерін әзірлеу мәселесі қаралды
- Толығырақ
- Автор: Super User
13 қыркүйекте «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ базасында медициналық қызметкерлер мен ұйымдардың кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың құқықтық механизмдерін әзірлеу үшін «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ-дағы РМК-да құрылған жұмыс тобының отырысы болып өтті.
Шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДСДРО Ғылым және адами ресурстар департаментінің мамандары, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, Сақтандырушылар қауымдастығының, «Арман» отбасылық және медициналық құқық бюросы» ЖШС өкілдері қатысты.
Отырыста медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігінің ықтимал үлгілері талқыланды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» жобасын жүзеге асыру аясында осы саладағы нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Сақтандыру және қаржы саласының сарапшылары медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру үлгілері мен түйінді қағидаттарының көріністері бойынша өз пікірлерін білдірді.
Отырыс қатысушылары ары қарайғы жұмыстар барысында пайдаланылатын кәсіби жауапкершілікті сақтандыру үлгілерін жүзеге асыруға қажетті шарттар жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.
Қазақстанда алғаш рет фармкомпаниялар арасында жарыссөз өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін, клиникалық фармакология және фармация жөніндегі «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» атты халықаралық конференция аясында Қазақстанда алғаш рет, «GlaxoSmithKline» және «Pfizer» бәсекелес фармацевтикалық компаниялардың сарапшылары арасында «Қазақстандағы екпелік алдын алу бағдарламалары үшін пневмококк екпелерін ұтымды таңдау» тақырыбында жарыссөз (дебат) болды. Жарыссөздер синхронды аудармамен ағылшын тілінде өтті. «GlaxoSmithKline» компаниясы атынан - GlaxoSmithKline ғылыми коммуникация бөлімшесінің басшысы, MD, PhD Otavio Sintra (Ұлыбритания), «Pfizer» компаниясы тарапынан - MD, PhD, пневмококк екпелері бойынша медициналық директоры Christian Theilacker (Германия) сөз алды. Бұл барлық қатысушылар үшін екпелерді ұтымды пайдалану туралы кәсіби диалогтан алған қызықты тәжірибе болды. Жарыссөз (дебат) модераторы – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова.
Жарыссөзге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева, СDC (Аурудын алдын алу және бақылау орталықтары) аймақтық офисінің директоры D.Moffett, Королевский фармацевтика қоғамының директоры Karen Baxter, ҚР тұрғындарын иммундау жөніндегі консультативтік комиссия мүшелері, сондай-ақ инфекциялық аурулар, екпелік алдын алу және клиникалық фармакология мәселелері бойынша Қазақстан мен шетелдің жетекші сарапшылары қатысты.
ДДҰ Еуропа комитетінің сессиясында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы іс-әрекеттер жоспарларын жүзеге асырудың аралық нәтижелері қорытындылануда
- Толығырақ
- Автор: Super User
Кеше Будапештте ДДҰ Еуропа аймақтық комитетінің 67 сессиясы өз жұмысын бастады, ол қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған орта саласындағы ілгерілеу, сондай-ақ ДДҰ Еуропа аймағындағы мүше-мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту мәселелеріне арналған.
Шараға 600-ден аса қатысушылар – Еуропа одағының, Орталық және Шығыс Еуропаның, Кавказдың және Орталық Азияның 53 елінен келген денсаулық сақтау министрлері мен денсаулық сақтау саласының жоғары шенді өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын оның Жоғары мәртебелі Корольдігінің кронханшайымы Мэри Датская, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан және ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейсус ашты.
Қатысушылардың қазақстандық делегациясы құрамында денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова, Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова, Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Гүлнар Мұханова, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріп, ДДҰ Атқару комитетінің мүшесі Мақсұт Құлжанов, Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Нұрлан Алғашов бар.
CDC өкілдерімен кездесу
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова Орталық Азиядағы СDC аймақтық офисінің директоры Дафни Моффитпен кездесті.
Кездесу барысында СDC аймақтық офисінің қызметі мен ҚР ДСМ-мен бірлескен ағымдағы жобалар талқыланды. Соның ішінде, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту бағытындағы ынтымақтастық мәселелері, эпидемиологиялық статистика орталығын құру кезіндегі ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары қарастырылды. Сондай-ақ, лабораториялық қызметті және туберкулездің алдын алу шараларын дамыту саласында нұсқаулықтар мен талдамалық ақпараттар әзірлеудегі серіктестік мәселелері қозғалды.
Ескерту: Centers for Disease Control and Prevention, CDC (Аурудын алдын алу және бақылау орталықтары) – аурудың алдын алу және олармен күрес жөніндегі шараларды, қоршаған орта тазалығы мен басқа да халық денсаулығын жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеп, жүзеге асыру қызметтерін атқаратын АҚШ Денсаулық сақтау департаментінің федералдық агенттігі.
8-9 қыркүйек күндері Астана қаласында клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» атты халықаралық конференция өтеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
Конференция жұмысына 300-ден аса қатысушылар, оның ішінде облыстық денсаулық сақтау басқармаларынан, медициналық, фармацевтикалық, ғылыми ұйымдардан, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен ресми делегаттар, сондай-ақ Республикалық медициналық палатаның облыстық филиалдарының, ДДҰ және шет елдік серіктестердің елдік офисінің өкілдері, клиникалық фармакология саласындағы шетелдік сарапшылар қатысты.
Ұйымдастырушылары – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және Республикалық медициналық палата.
Халықаралық конференцияны ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева құттықтау сөз сөйлеп, ашты. Оның сөзінше, конференция денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін шешудің жаңа тәсілдемелерін іздестіруге жәрдемдеседі.
«Бұл шара дәрігерлерге, клиникалық фармакологтар мен фармацевттерге кездесу үшін және клиникалық фармакология мен фармацевтика саласындағы барлық әлемдік қоғамдастықтарды қызықтыратын жаһандық тақырыптарды талқылауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті вице-министр.
Екі күндік шараның мақсаты – негізгі аудиторияға дәлелді медицина қағидаттарына негізделген денсаулық сақтау саласын дамытудағы клиникалық фармакологияның артықшылықтарын, келешегін, маңызды ролін көрсету.
Конференция аясында медицина саласының мамандары мен халықаралық сарапшылар клиникалық фармакология және фармация бағытын жетілдіру, дәрілік заттарды қолданудағы қателіктер салдарынан денсаулыққа зиян келтіретін жағдайларды қысқарту, болдырмау мүмкіндіктері туралы ойларын ортаға салады.