Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындар шағымдарын азайту жөнінде жүйелі шаралар қарастырады
- Толығырақ
- Автор: Super User
2017 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен (ДСДРО) бірлесіп, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне түскен азаматтардың өтініштерін талдау» тақырыбында селекторлық жиын өткізді.
Жиынға аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, денсаулық сақтау ұйымдарының бас дәрігерлері мен олардың медициналық қызмет сапасы жөніндегі орынбасарлары, денсаулық сақтау ұйымдарының пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметтері бөлімдерінің мамандары қатысты.
Селекторлық жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігіне, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен аумақтық департаменттерге осы жылдың 6 айы ішінде түскен азаматтар өтініштерінің талдаулары, аймақтық Call-орталықтар қызметінің қорытындылары тыңдалды.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева өз сөзінде еліміз азаматтарының көпшілігі өздері тұратын аймақтарында-ақ шешімі табылатын медициналық көмек көрсету жөніндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр болатындықтан, аталған мәселелердің өзектілігін атап өтті.
Денсаулық сақтау министрлігі кадр резервін жасақтайды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарға кадр резервіне енгізу үшін үміткерлер іріктеу науқанын бастады. Кадр резервін құрудағы мақсат – ҚР денсаулық сақтау саласының кәсіби және тиімді менеджерлерін жинау.
Үміткерлерді іріктеу кезінде еліміздегі және әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарындағы жоғары білімінің, ҚР қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесіндегі басшылық лауазымдарда тәжірибесінің болуы, ағылшын тілін білуі секілді ғаламдық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік құзіреті мен факторларына ерекше мән беріледі.
2017 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 288 үміткерден 501 сұраным түсті. ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ-дағы РМК-да ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі бос тұрған басшылық лауазымдарға орналасу үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның төрт отырысы болды, 49 үміткер сұхбаттасудан өтіп, олардың ішінде 2 үміткер ойдағыдай қызметке орналасты. Кадрлармен әңгімелесу және оларды іріктеу жалғасуда.
МӘМС жүйесінде медициналық қызмет сапасын басқару
- Толығырақ
- Автор: Super User
2017 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен бірлесіп «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет сапасын басқару» (одан әрі - МӘМС) тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге селекторлық режимде Қазақстанның өзге аймақтарының медициналық қоғамдастығының өкілдері де (медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі медициналық ұйымдар басшыларының орынбасарлары) қатысты.
Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаева ашты.
Селекторлық жиын барысында МӘМС жүйесінде медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету, жеткізушілердің көрсеткен медициналық қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізу тетіктері, МӘМС жүйесіндегі медициналық қызмет көлемі мен сапасын мемлекеттік реттеуді одан әрі дамыту мәселелері, МӘМС кезінде медициналық қызмет сапасын бақылаудағы тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби медициналық қауымдастықтардың ролі, дәрігерлер мен медициналық ұйымдарға қарсы сот талаптарының қаупін азайтудағы медиацияның ролі талқыланды.
Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді азайту, қайта реттеу
- Толығырақ
- Автор: Super User
2017 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді азайту, қайта реттеу» жобасы бойынша жиын өткізді.
Жиынға Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСДРО, ҰКП, ҰДП, бизнес-қоғамдастық өкілдері және Министрлік қарамағындағы ведомстволық ұйымдарының басшылары қатысты.
Талқылау барысында заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге төмендегідей 70-ке тарта түзетулер енгізу қарастырылды:
Туу алды скринингін, жүкті әйелдер скринингін ұйымдастыру кезінде жекеменшік бизнес үшін шектеуді алып тастау;
АИТВ-инфекциясына қарсы денелердің бар болуына, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеу және зерттеуге кеңес алу мүмкіндігі бар тұлғалар тобының көбеюіне сай, лабораториялық зерттеуді ұйымдастыру кезінде жекеменшік бизнес үшін шектеуді алып тастау;
Медициналық және емдеу-сауықтыру туризмін дамытудың өзектілігі
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін Астанада «Медициналық және емдеу-сауықтыру туризмі: Қазақстан нарығының тренді» тақырыбына арналған республикалық конференция өтті. Конференция аясында аталған саланы дамытудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Шараны ұйымдастыруға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, медициналық мекемелер мен туризм және сервис индустриясы ұйымдарының салалық мамандары мен менеджерлері атсалысты.
Қазіргі уақыттағы басым бағыттардың бірі - медициналық туризм. 2016 жылдың өзінде Түркия, Индия, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Корея, Қытай елдерінен, т.б. келген бес мыңнан астам шетелдік пациенттер Қазақстандағы медициналық мекемелерде ем алған. Шетелдік азаматтардың арасында қажеттілігі жоғары медициналық қызметтер – консультативтік-диагностикалық, стационарлық, нейрохирургиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық, трансплантологиялық қызметтер.