«ЭКСПО-2017» халықаралық павильондарының өкілдері Қазақстанның жетекші клиникаларында болды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстанның Ұлттық курорттық қауымдастығымен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің комиссарлары үшін Астана қаласының денсаулық сақтау объектілері бойынша ақпараттық медициналық тур өткізді.
Еліміздің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерімен, медициналық қызмет көрсету сапасымен танысу мақсатында «ЭКСПО-2017» халықаралық павильондарының өкілдері Қазақстанның жетекші клиникаларында болды.
Қазақстандық медицинаның басым бағыттарының бірі – медициналық туризм.
Қазақстандық пациенттер медицинаның кардиохирургия, нейрохирургия, ағзалар трансплантациясы, онкология секілді салаларында медициналық көмек алу үшін ұзақ уақыт бойы шет елдерге баруға мәжбүр болды.
Дөңгелек үстелде курорт-шипажай саласын дамыту жайы талқыланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
5 қыркүйекте Ұлттық курорттық қауымдастық Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының курорт-шипажай саласын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына 10-нан аса шипажайлық-курорттық ұйымдардың басшылары қатысты.
Ұлттық курорттық қауымдастықтың статистикалық деректеріне сәйкес, 2017 жылы ҚР шипажайларында 1500-ге жуық шетелдік туристер болған.
Ұлттық курорттық қауымдастық президенті Саягүл Кайыргелдинова өз сөзінде Қазақстандағы шипажайлық-курорттық ұйымдарды дамыту аспектілеріне, сондай-ақ Қауымдастықтың негізгі шараларына көңіл бөлді.
ДСДРО бас директорының орынбасары Айман Ысқақова Қазақстанда медициналық туризм мен импорт алмастыру саласын дамыту жобасын жүзеге асыру жолдарына нақты тоқталды.
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау менеджері» журналының екінші нөмірі жарыққа шықты
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада Жібек жолы елдерінің бірлескен инновациялары талқыланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін Астанада елорда әкімдігінің, ШЫҰ хатшылығының, «Назарбаев университеті» ДБҰ қолдауымен «Жаңа күш, жаңа өмір: Жібек жолы елдерінің бірлескен инновациялары» атты І халықаралық форум өтті.
Аталған форумның ұйымдастырушысы – G-Global халықаралық хатшылығы. Шараға Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг,«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рапиль Жошыбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, халықаралық сарапшылар, салалық министрліктердің, жастар ұйымдарының, бизнес құрылымдарыныңөкілдері және басқалар қатысты.
Форум барысындақатысушылар медицина, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика және энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Жібек жолы елдерініңэлектронды коммерциясы мен логистикасы мәселелерін қарастырды.
Форум жұмысыбірнеше панельді сеесиялар аясында өтті, солардың бірі Жібек жолы елдері арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа арналды.
Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдың І жарты жылдығының жұмысын қорытындылады
- Толығырақ
- Автор: Super User
17 тамызда 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы міндеттер жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқа мәжілісінің отырысы өтті. Алқа мәжілісінің жұмысына Қоғамдық кеңестің мүшелері, аймақтардың денсаулық сақтау басқармаларының, ведомстволық ұйымдарының, аумақтық департаменттерінің басшылары, т.б. қатысты.
Өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осы жылдың бірінші жарты жылдығындағы отандық медицинаның маңызды жетістіктерін атап өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз баяндамасында денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысына тоқталды.
Жалпы, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылдың 6 айында жағымды динамика сақталады: өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда нәресте өлім-жітімі (10,8%-ға), жаңадан пайда болған қатерлі өскіндерден болған өлім-жітім (5,6%-ға), миокард инфаркты (5,5%-ға), жазатайым оқиғалар мен жарақаттар (8,6%), туберкулез (30,2%-ға) көрсеткіштері төмендеген.