Құрметті әріптестер!
 
📃Сіздерді 2025 жылдың ақпан айына жоспарланған семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарына қатысуға шақырамыз.
⚕Бұл Сіздің біліміңізді тереңдетудің, кәсіби дағдыларыңызды дамытудың және денсаулық сақтау саласындағы жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігі.
📌Бағдарламада-өзекті тақырыптар, практикалық сабақтар және сіздің біліктілікті арттырғаныңызды растайтын сертификаттар ала аласыз.
❓Қатысу неліктен маңызды?
✅Семинарлар мен курстардың практикалық бағыты;
✅Мамандармен және сарапшылармен байланысу мүмкіндігі;
✅Біліктілікті арттыру туралы сертификат алу;
✅Денсаулық сақтау саласындағы білімді тереңдету
📞Қосымша ақпарат алу үшін бізге мына телефондар арқылы хабарласыңыз: 8 (7172) 750 951 (ішкі.1106, 1028), 8701 682-07-318, 8707 556-98-70.
Сіздерді оқытуда күтеміз!
Сіздің кәсіби дамуыңыз - біздің басты мақсатымыз!
 

 

 

 

                                                                                                                                Құрметті әріптестер!

 

          Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО «Journal of Health Development» (РҒДИ, CrossRef, CyberLeninka, Google Schoolar индекстелетін) журналында бірегей зерттеулер мен шолу мақалаларын жариялау үшін өз алаңын ұсынады.

          Журнал тоқсан сайын жарық көреді және денсаулық сақтау стратегиясы мен саясаты, денсаулық сақтау менеджменті мен корпоративтік басқару, денсаулық сақтау экономикасы, қоғамдық денсаулық және өзге де тақырыптардағы өзекті мәселелері бойынша Policy Brief бірегей және шолу мақалаларын жариялайды.

          Жарияланымдарды кеңінен талқылау, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін отандық денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу үшін редакция мақалаларға (OpenAccess) толық ашық қолжетімділік саясатын ұстанады.

         ✅ Жас ғалымдарды қолдау мақсатында басылымның әр нөмірінде еліміздің медициналық ЖОО магистранттары мен PhD докторанттарының мақалаларын жариялайтынын атап өткен жөн.

         Аталған журналда мақала жариялау тегін негізде жүргізіледі. Жарияланымдарды ұсыну толығымен онлайн режимінде автоматтандырылған және пайдаланушы үшін еш қиындық тудырмайды.

         Journal of Health Development — ашық қол жетімділікті қамтамасыз ететін қос «соқыр» шолу жүйесі бар халықаралық журнал. Бүгінгі күні біздің журнал қарқынды дамып, Scopus және Web of Science сияқты рейтингтік дерекқорлардың негізгі талаптарына сай болуға тырысуда.

         ✅ Сонымен бірге, Journal of Health Development ҚР ҒжЖБМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (КОКСОН) ұсынған ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін №2 тізбесіне енгінгілген (2024 жылғы 12 шілдедегі №603 бұйрық).

        Журнал мазмұнымен сайттан танысуыңызға болады: http://jhdkz.org

        Қауымдастырылған редактор, PhD Оразова Ғалия Ұзаққызымен байланыс орнату үшін:

        Тел: +7 702 879 01 76 

        E-mail:  editor.journalhd@gmail.com.

🖇2024 жылдың 12 айында ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы денсаулық сақтау саласындағы 56 медициналық ұйымды аккредиттеді. 56 медициналық ұйымның (бұдан әрі-МҰ) ішінен 9-ы жеке, қалған 47-ы мемлекеттік ұйымдар болып табылады. Оларды санаттарға жіктесек, жоғары - 13 МҰ (23,2%), I-ші – 39 МҰ (69,7%), II-ші – 4 МҰ (7,1%) берілді.
🖇Жалпы біздің орталық ҚР денсаулық сақтау саласындағы жетекші ұйымдардың бірі болып табылады. Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық іске асыруға қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға орасан зор үлес қосуда.
🖇 Сонымен қатар, бүгінгі күні уәкілетті органның шешіміне сәйкес біздің Орталық аккредиттеуші орган болып табылатынын атап өткен жөн.
🖇Ал, аккредиттеу процесін біздің орталықтың медицина саласында үлкен тәжірибесі мен білімі бар сарапшылары жүргізеді. Осылайша, біз медициналық ұйым ұсынатын қызметтердің сапасы объективті және тәуелсіз бағалау жүргізілетіндігіне кепілдік береміз.
❗Өз кезегінде аккредиттеу сіздің медициналық ұйымыңыздағы қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, науқастармен өзара әрекеттесуді жақсартуға және халықтың сенімін арттыруға көмектеседі.
🖇 Осы тұста айта кету керек, елімізде сыртқы кешенді бағалау «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығымен бекітілген аккредиттеудің белгіленген қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
☎ Егер Сіздің медициналық ұйым аккредиттеуден өтуге ниетті болса, аккредиттеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 570-951 (ішкі 1000, 1143, 1064) нөмірлері арқылы Орталықтың аккредиттеу департаментіне хабарласуыңызға болады.
🖇Акрредитеуден өткізуші ұйымның жұмыс регламентін айта кетсек, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
❗Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін.
❗Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
🖇Біз Сіздің жұмысыңыздың сапасын арттыруға және денсаулық сақтау саласында жаңа биіктерге жетуге көмектесуге дайынбыз.