Денсаулық сақтау жүйесіндегі басшылық лауазымдарға кадрлар резерві Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде білікті кадрларды құру және бос басқару орындарын сапалы мамандармен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.
Басқарушылық лауазымдардың кадрлар резервіне енгізу үшін үміткерлер өтінім бергенге дейін төмендегілермен танысу қажет:
- Кадр резерві туралы қысқаша ақпарат
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі басшылық лауазымдарға кадрлық резерв қалыптастыру ережесі
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесіндегі басшылық лауазымдарға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ереже
- Бос орындарға қойылатын біліктілік талаптары (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 «Денсаулық сақтау қызметтерінің біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығы) (сілтеме: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V090005945_)
- Бос орындардың тізімі (төмен қараңыз);
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қолжетімді бос орындар туралы ақпарат беруді қалайтын денсаулық сақтау ұйымдары келесі формаларды қолданады:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі басқарушылық лауазымдарға кадрлық резервке іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткер белгіленген үлгіге сәйкес үшін келесі құжаттарды ұсынады:
а) онлайн-өтінім (сілтеме: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде басшылық лауазымдарға кадр резервіне енгізу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға өтінім);
б) эссе (эссе нысаны қоса жалғанады);
в) резюме (форма нысаны қоса жалғанады).
Қажет болған жағдайда Комиссия хатшысы үміткерден қосымша сұраныс бере алады
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- қажетті кәсіптік білімді, біліктілігін растайтын құжаттар, сондай-ақ қосымша кәсіптік білім беру нәтижелері бойынша біліктілікті арттыру немесе жоғарылатуды растайтын құжаттардың көшірмелері, дипломдар беру туралы құжаттар, ғылыми атақ.
Құжаттарды электронды түрде жіберген кезде олардың сканерленген көшірмелері obskrz@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі
Құжаттарды толығымен жібермеу немесе тіркеу ережелерін бұзу кандидатты қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.
Қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда 8-(7172)-700-950 (ішкі 1096) телефоны арқылы Жұмағұлова Құндыз Мырзалықызына хабарласуға болады.