Астанада сарапшылар созылмалы инфекциялық емес аурулардың қауіп-қатер факторлары мен таратылу мәселелерін талқылады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР-дағы Францияның елшілігі мен Санофи компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған Франция, Германия, Ресейдің эндокринология және диабетология саласындағы сарапшылардың, Халықаралық диабет федерациясының (International Diabetes Federation-IDF) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызды ауруларды басқарудағы заманауи көзқарас. Қант диабеті» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар диабет бойынша бағдарламаларды енгізудегі халықаралық тәжірибемен бөлісті, аурудың алдын алу саласындағы ұлттық саясатқа және тәжірибеге шолу жүргізді.
2-типтегі қант диабетінің таратылуын және Қазақстанның ересек тұрғындарының арасында диабет алдындағы жай-күйін (20-79 жас) зерделеу бойынша NOMAD эпидемиологиялық зерттеулерінің нәтижелелері жарияланды. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Санофи компаниясы арасында 2019 жылға дейінгі өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Денсаулық сақтау министрлігі «Жәрдем-Содействие» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясын іске қосты
- Толығырақ
- Автор: Super User
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп «Жәрдем-Содействие» акциясын іске қосты.
Денсаулық сақтау саласында (жалақыны уақытылы төлемеу, сыбайлас жемқорлық, алым) қаржылық заң бұзушылықтармен бетпе-бет келген медициналық қызметкер немесе дәрігерге қаралушы азамат «Жәрдем-Содействие» белгісімен шағымдарын 100@rcrz.kz электронды почтасына жіберулеріне болады. ДСДРО алған ақпаратты тексеру және шара қолданылуын бақылау үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қарауына жібереді.
Аталған акция азаматтық саналылықты нығайтуға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде қаржылық заң бұзушылық фактілерін анықтаудағы мөлдірлікті, ашықтықты, жеделдікті арттыруға бағытталған.
Дәрілік заттардың, клиникалық фармакологияның өзекті мәселелері
- Толығырақ
- Автор: Super User
2017 жылдың 22 маусымында Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы базасында Қазақстан ұлттық дәрілік формуляры, фармакологиялық қадағалау, клиникалық фармакология мәселелері бойынша кеңейтілген жиын болып өтті.
Жиынға ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, Алматы қаласындағы Фармация комитетінің, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының, Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласындағы медициналық ұйымдар мен жекеменшік дәріханалардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында Қазақстан ұлттық формулярын толықтырған клиникалық хаттамаларды синхрондаудың, фармакологиялық қадағалауды жүзеге асырудың және Қазақстанда клиникалық фармакологтар жетіспеушілігінің өзекті мәселелері талқыланды.
ДСДРО мамандарын Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Медицина қызметкерлері күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті.
«Халық денсаулығы мен болашағы үшін медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелген. Дәрігерлердің әрқайсысы баға жетпес байлық – адам өмірі мен денсаулығын қорғайды. Қазақстанның денсаулық сақтау саласының даму деңгейі әр қызметкердің қосқан үлесіне, оның білімі мен тәжірибесіне тікелей байланысты», - деп атап өтті ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова.
Жылы лебізі мен тілегін жеткізген Айнұр Айыпханова Орталық қызметкерлеріне лайықты марапаттарын табыс етті.
Өзінің бар өмірін медицина саласына арнаған Раушан Құнабаева «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Бас директордың орынбасары Айман Ысқақоваға «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрметті атағы мен төсбелгісі берілді.
Дәрілік заттарды оңтайлы пайдалану орталығының жетекшісі Гүлзира Жүсіповаға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен ДСДРО зейнеткерлері Людмила Жұмаева мен Әйгерім Тәпенованың еңбектері еленді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Астана экономикалық форумы аясында жинақтамалы секция өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін, 15 маусым күні Астана экономикалық форумы аясында Назарбаев Университеті базасында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін жақсарту құралы ретінде» тақырыбында жинақтамалы секция болып өтті. Ұйымдастырушы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Секция аясында Қазақстан медицинасын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды: әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру, ЭЫДҰ-дағы медициналық қызмет көрсету сапасы, денсаулық сақтау саласындағы тиімділікті бағалау, Health технологияларын пайдаланып денсаулық мониторингін жүргізу, денсаулық сақтау саласында мобильді қосымшаларды қолдану.
Жинақтамалы секция жұмысына қатысушылар және сарапшылар ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылары, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Азия даму банкі, ірі ғылыми медициналық орталықтар, белгілі университеттер – халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.