Лондонда ISQua сертификаттарын салтанатты тапсыру рәсімі өтті

 

Лондонда  1-4 қазанда Денсаулық сақтау саласындағы Сапа жөніндегі халықаралық кеңесінің (ISQua) 34 конференциясы болып өтті. Конференция аясында  ДСДРО Аккредиттеу орталығына бұрын берілген ISQua сертификаттары салтанатты түрде табысталды.

Салтанатты рәсімде ISQua кеңесінің төрағасы ДСДРО Қазақстанның барлық аккредиттеу жүйесін жетілдіруде ауқымды жұмыс атқарғандығын атап өтті. Бір жылға жетпейтін мерзім ішінде ДСДРО сапаның әлемдік стандарттарына сәйкес келетін аккредиттеуші ұйым ретінде танылды,  стационарлық және амбулаториялық-емханалық ұйымдарға, сарапшылар дайындауға арналған аккредиттеу стандарттары сертификаттарын алды.  

Мұндай стандарттар деңгейін тез арада растау жағдайы әлемде алғаш қол жеткізілген жетістік.

Естеріңізге сала кетейік, ДСДРО Аккредиттеу орталығы барлық бағдарламалар бойынша ISQua аккредитациясын алған, халықаралық деңгейде  қызметтер көрсетуге құқылы ТМД және Шығыс Еуропа аймақтарындағы бірден-бір ұйым.