Астанада өткен «Медициналық генетиканың өзекті мәселелері» тренингі өз мәресіне жетті

Астанада ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ұйымдастырған «Медициналық генетиканың өзекті мәселелері» тақырыбындағы 5 күндік тренинг аяқталып, өз мересіне жетті. 

Бұл тренинг қазақстандық мамандар үшін онкологиялық (балалар бөлімдерін қоса алғанда) қызметке, метаболизмдік бұзылыстар негіз болатын ауруларды емдеуде медициналық генетиканы енгізу бойынша оқыту тренингі сериясындағы алғашқы қадам болды.

Бүгінгі күнге дейін медициналық генетиканы оқыту Қазақстанда тек лабораториялық қызмет бағытындағы генетиктер арасында ғана өтетін. Бұл жолы өткен тренингтің ерекшелігі базалық клиникалық негізге мән берілді.

Тренингте спикер ретінде тәжірибе жүзіндегі кәсіби мамандар сөз алды: Америкалық генетиктер кеңесінің президенті,  профессор Рид Саттон, генетика мәселелері бойынша консультант Эрик Шмидт, PhD, Baylor Genetics,  және Сальма Нассеф, Бэйлор Медицина Мектебінің молекулярлық және адами генетика кафедрасының генетика жөніндегі нұсқаушысы (АҚШ).

Тренингке қатысушылар тұқым қуалайтын және туабіткен патологияларды диагностикалаудың жаңа мүмкіндіктері, генетикалық тестілеудің заманауи жағдайы, медициналық-генетикалық кеңес берудің ерекшеліктері, генетикалық диагностиканың құқықтық және заңдық аспектілері және тағы да басқа саланың өзекті мәселелері туралы білім алып, біліктіліктерін жетілдірді.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.