Астанада алғаш рет «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар» форумы өтеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
30 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар» форумы болады.
ДДҰ денсаулық сақтау мониторингінің бірлескен жүйесі үшін көрсеткіштерді қайта қарау жөніндегі сарапшылармен кездесу өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
Тұрақты даму мақсаттарын, «Денсаулық-2020» және Инфекциялық емес аурулардың алдын алу жөніндегі іс-әрекеттердің жаһандық жоспарын жүзеге асыру аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мониторингтің бірлескен жүйесі үшін жалпы жиынтық көрсеткіштерді қайта қарау жөнінде жиын өткізді.
Мониторингтің бірлескен жүйесі үшін жалпы жиынтық көрсеткіштер қабылдау туралы қарар соңғы жылдары көтеріліп жүрген ДДҰ-на есеп берудің ауыртпалықтарына байланысты, мәселелердің шешімін табу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропа аймақтық комитетінің 67-сессиясында қабылданған болатын.
Сессия жұмысына ДДҰ Еуропа аймақтық бюросы мен ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) өкілдері, сондай-ақ БҰҰ-ның құрамына кіретін елдердің – Австрия, Финляндия, Германия, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Мальта, Исландия, Нидерланды және Түркия елдерінің өкілдері қатысты.
Жиында Қазақстан атынан ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова мен ДСДРО Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басшысы Жәния Нұрғалиева болды.
Мониторингтің бірлескен жүйесі үшін жалпы жиынтық көрсеткіштерді әзірлеу және енгізу көрсеткіштер санын қысқартып, жұмысты азайтуға (үш есеп беру мерзімінің орнына бір рет); Аймақтық бюроның жоспарлау үдерісін оңтайландыруға; деректер жинауға арналған құралдардың сапалылығын қамтамасыз етуге және ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-әрекеттерді жақсартуға мүмкіндік береді.
Сараптау тобының талдауынан және тексеруінен кейін таңдалған көрсеткіштер кеңес алу үшін және 2018 жылдың қыркүйек айында болатын Еуропа аймақтық комитетінің 68-сессиясында уақытында қаралу үшін 2018 жылдың бірінші жартысында ұйымға мүше мемлекеттерге ұсынылады.
4 мыңға жуық қазақстандықтарға антибиотиктерді дұрыс пайдалану жолдары түсіндірілді
- Толығырақ
- Автор: Super User
13-19 қараша аралығында өткен «Бүкіләлемдік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы» аясында ДСДРО медицина, фармацевтика және ветеринария қызметтерінің мамандары үшін бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы мәселелері туралы семинарлар өткізді. Бірқатар аймақтарда мектептер мен лицейлердің оқушылары үшін интерактивті сабақтар ұйымдастырылды, сабақтар барысында балаларға өз денсаулықтарына қалай жауапкершілікпен қарап, дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қалай пайдалану қажеттігі ойын түрінде түсіндірілді.
Жалпы, Қазақстан бойынша оқушылар үшін 10 интерактивті сабақтар, медицина және фармацевтика қызметкерлері үшін 31 семинар, лекциялар өтті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мамандары (ветеринарлық дәрігерлер, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау жөніндегі облыстық аумақтық инспекцияларының мамандары) үшін 82 таныстырылым жасалды.
4 мыңға жуық адам антибиотиктерді дұрыс қолдану туралы және микробтарға қарсы препараттарға тұрақтылықтың өсуі туралы өзекті мәселелер бойынша пайдалы ақпарат алды.
Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы денсаулыққа деген үлкен қауіптің бірі, бұған бүкіл әлем алаңдаулы. ДСДРО қызметкерлерінің аталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары антибиотиктерге төзімділік туындамас үшін жұртшылықтың антибиотиктерді ұтымды пайдалану мәселелері төңірегіндегі сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.
ДСДРО денсаулық сақтау менеджерлерін үнемді өндіріс негіздері бойынша оқытуда
- Толығырақ
- Автор: Super User
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Менеджмент орталығы денсаулық сақтау саласының мемлекеттік және жекеменшік секторларының менеджерлері мен «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қызметкерлерін «Үнемді өндіріс негіздері» тақырыбына оқытуда.
Тренинг медициналық ұйымдарда менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту аясында өткізілуде. Біліктілікті арттыру циклі 54 сағаттық курстан тұрады, тренингті Жапонияда үнемді өндіріс бойынша дайындықтан өткен тренер – Еуропалық Сапа Ұйымының бас консультанты, Үнемді өндіріспен тәжірибе жүзінде айналысушы, сапа менеджменті, экологиялық менеджмент және денсаулықты қорғау менеджменті мәселелері жөніндегі сарапшы Серік Жолдаспаев өткізеді.
Қазіргі уақытта Астана қаласынан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 107 маман оқытылды.
Мамандардың үнемді өндіріс негіздерін оқу нәтижесінде алған тәжірибелік білімдері басқарудың тиімділігін арттыруға, шығындарды, оның ішінде қаржылық және еңбек шығындарын азайтуға, медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Кері байланыс нәтижесінде цикл тыңдаушылары өз ұйымдарында «Кайдзен» тұжырымдамасының негізгі қағидаттары мен элементтерін пайдалану арқылы үнемді өндіріс технологияларын, «5 S» жұмыс орнын ұйымдастыру жүйесін енгізуді; күткендегідей нәтижелер алу арқылы тиімді жұмыс орнын құру кезеңдерін жоспарлайды.
Оңтүстік Кореяда қазақстандық медициналық туризмнің артықшылықтары туралы айтылды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының өкілдері 21-22 қарашада Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін «Жаһандық денсаулық сақтау және медициналық туризм» тақырыбындағы 8-конференцияға қатысуда.
Аталған конференция – Азия континентінде болып жатқан, денсаулық сақтау және медициналық туризм саласындағы соңғы инновациялармен және жаһандық трендтермен танысуға мүмкіндік беретін ірі шара. Бұған дейінгі «Medical Korea 2016» конференциясына әлемнің 25 елінен 2 мыңнан аса менеджер қатынасқан болатын.
Шараны Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты (KHIDI) Корея Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруда.
Бүгін жаһандық денсаулық сақтау маркерлеріне арналған тақырыптық сессиялар аясында ДСДРО бас директорының орынбасары Айман Ысқақова шетелдік әріптестеріне медициналық туризмді дамыту аясындағы қазақстандық денсаулық сақтау саласының артықшылықтарын, басым факторларын таныстырды.
Айман Ысқақова өз таныстырылымында атап өткендей, Қазақстан 9 басым факторға, яғни артықшылықтарға ие, оның ішінде сапалы қызмет көрсету үшін медициналық орталықтарды жабдықтауды, жоғары технологиялық қызметтер құнының қолжетімділігін, демалыс ұйымдастыру, туризм және спортпен айналысу үшін керемет табиғи ресурстарының болуын, елдің географиялық тұрғыда тиімді, ыңғайлы орналасуын, туристтер қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ түрлі археологиялық, тарихи, және мәдени ұлттық көрікті жерлерінің көптігін атауға болады.