ДСДРО АҚШ мейіргерлер комитеттерінің Ұлттық кеңесімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мен National Council of State Boards of Nursing (АҚШ мейіргерлер комитеттерінің Ұлттық кеңесі) орта медицина қызметкерлерін лицензиялау және сертификаттау, клиникалық мамандардың білімдері мен дағдыларын бағалау саласында ынтымақтастыққа қол қойды.

Меморандумға ДСДРО тарапынан Бас директор Айнұр Айыпханова, NCSBN тарапынан – Басқарма төрағасы Дэвид Бентон қол қойды.

 Аталған ынтымақтастық аясында тараптар орта медицина қызметкерлерін лицензиялау және сертификаттау, олардың білімдері мен дағдыларын бағалау, кадрлардың құзыреттерін  дамытудағы кедергілерді анықтап, жою барысында тәжірибе алмасады. 

NCSBN –лицензиялау үшін орта медицина қызметкерлерінің клиникалық әрекеттерге дайындығын бағалайтын  АҚШ аумағындағы бірден-бір ұйым.

Меморандум арқасында ДСДРО Білімді және дағдыларды бағалау орталығы медицина қызметкерлерін бағалауда халықаралық тәжірибені игеріп, оны Қазақстанда қолдануға мүмкіндік алады. Бұл міндетті сертификаттаудың отандық институтын медицина қызметкерлерін лицензиялауға ауыстыру кезеңінде өте маңызды.

Суретте: симуляциялық технологияларды пайдалану арқылы клиникалық станцияларда орта медициналық қызметкерлердің тәжірибелік дағдыларын бағалауда.