Астанада генетиканың өзекті мәселелері бойынша тренинг өтуде

Бүгін Астанада «Медициналық генетиканың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған 5 күндік тренинг басталды. Ұйымдастырушы – ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.

Тренинг өткізушілер: Америкалық генетиктер кеңесінің президенті,  профессор Рид Саттон, генетика мәселелері бойынша консультант Эрик Шмидт, PhD, Baylor Genetics,  және Сальма Нассеф, Бэйлор Медицина Мектебінің молекулярлық және адами генетика кафедрасының генетика жөніндегі нұсқаушысы (АҚШ).

40 сағаттық тренингте тыңдаушылар тұқым қуалайтын және туабіткен патологиялар диагностикасының жаңа мүмкіндіктері, генетикалық тестілеу проблемаларының заманауи жағдайы, медициналық-генетикалық кеңес берудің ерекшеліктері, генетикалық диагностиканың құқықтық және заңдық аспектілері, саланың басқа да өзекті мәселелері туралы білім алатын болады.

Шеберлік сабағы базалық клиникалық негізге ие, сондықтан генетикалық тұқым қуалаған науқастармен жұмыс тәжірибесі бар кәсіби мамандар үшін қызықты, пайдалы болары сөзсіз.

Тренингке Астана қаласы,  Керей және Жәнібек хандар көшесі, 5/1 мекен-жайы бойынша орналасқан «Назарбаев Университет» Медицина Мектебінің конференц-залында (1қабат), сағат 9.00-дан 17.00-ге дейін қатысуға болады.

Кіру тегін.