Астанада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұйымдастыруымен 2-6 қазан аралығында «Үнемді өндіріс негіздері» тақырыбында 5 күндік оқыту циклі болып өтті. Енді осыған ұқсас семинарлар Қазақстанның барлық аймағында (2017 жылғы 10 қазан мен 2018 жылғы 1 маусым аралығында) өткізілмек.
Семинарларға тренер ретінде Еуропалық Сапа Ұйымының бас консультанты, Үнемді өндіріспен тәжірибе жүзінде айналысушы, сапа менеджменті, экологиялық менеджмент және денсаулықты қорғау менеджменті мәселелері жөніндегі сарапшы Серік Жолдаспаев шақырылады.
Оқыту аяқталған соң қатысушылар 54 сағат көлемінде «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктіліктерін арттырғандықтары туралы куәлік алады.
Алған білім басқарудың тиімділігін арттыруға, шығындарды, оның ішінде қаржылық және еңбек шығындарын азайтуға; медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Аймақтарда оқытуға қатысып, ресурсты үнемдеу негіздері бойынша заманауи білім алғысы келетіндер imzrk@bk.ru электронды мекен-жайына өтінімдерін жолдай алады, өтінім нысаны мына сілтемеде.
Қазақстан аймақтарында семинарлар мына кестеге сәйкес өткізіледі:
«Үнемді өндіріс негіздері» тақырыбында аймақтарда оқыту кестесі
№ |
Аймақ |
Аралық |
1 |
Қостанай |
09.10 - 13.10.2017 |
2 |
Көкшетау |
23.10 - 27.10.2017 |
3 |
Петропавл |
30.10 - 03.11.2017 |
4 |
Қарағанды |
06.11 - 10.11.2017 |
5 |
Павлодар |
20.11 - 24.11.2017 |
6 |
Тараз |
15.01 -19.01.2018 |
7 |
Шымкент |
22.01 - 26.01.2018 |
8 |
Алматы |
05.02 - 09.02.2018 |
9 |
Талдықорған |
12.02 - 16.02.2018 |
10 |
Қызылорда |
12.03 - 16.03.2018 |
11 |
Ақтау |
26.03 - 30.03.2018 |
12 |
Атырау |
02.04 - 06.04.2018 |
13 |
Орал |
09.04 - 13.04.2018 |
14 |
Ақтөбе |
14.05 - 18.05.2018 |
15 |
Өскемен |
28.05 – 01.06.2018 |