НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
- Толығырақ
- Автор: Super User
ДСДРО СБК тұрақты комитеттері құрамының үміткерлеріне қойылатын талаптарды талқылауға шақырады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сапа жөніндегі біріккен комиссиясының (СБК) қызметін жетілдіру және СБК тұрақты комитеттері жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы СБК тұрақты комитеттерінің үміткерлеріне қойылатын талаптарды әзірледі.
Денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүдделі қызметкерлерін талқылауға белсенді атсалысуға шақырамыз. Ұсыныстар mardenovag@mail.ru электронды мекен-жайына жіберілуі қажет.
Анықтама үшін байланыс телефондары: +77015165356, 8 (7172) 700-950 (ішкі1032).
ДСДРО кадр қызметінің басшылары мен мамандары үшін HR-менеджмент бойынша семинар өткізеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «HR-менеджмент. Денсаулық сақтау кадр ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбында Қазақстан аймақтарында семинарлар өткізеді. Оқу «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған.
Аталған семинарлар кадр қызметінің басшылары мен мамандарын денсаулық сақтау ұйымдарындағы HR-менеджменттің және корпоративтік басқарудың өзекті мәселелері бойынша дайындауға бағытталған.
Семинар барысында алған білім саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған заманауи HR-менеджмент негіздерін, медициналық ұйымдар қызметінде (персоналды жалдау, бейімделу, жетекшілік, карьераны дамыту, ұйымдастыру мәдениеті, уәждеме және медицина қызметкерлерін ынталандыру, еңбек етуге қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау) заманауи HR-технологияны, т.б. қолдануға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби жауапкершілікті сақтандыру қажеттілігі туралы сауалнама жүргізеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Survey Monkey сервері базасында медицина қызметкерлері арасында денсаулық сақтау жүйесінде кәсіби жауапкершілікті сақтандыру қажеттілігі туралы сауалнама жүргізеді.
Сауалнама құпия. Сіздерден мына сілтемеге өте отырып, өз пікірлеріңізді білдіруді сұраймыз.
Аталған шешім медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметтеріне байланысты, себебі, олар пациентті дұрыс емдегеннің өзінде, соңы жағымсыз аяқталу қаупі болып тұрады. Егер емдеу-диагностикалау шаралары нәтижелі бола қоймаса, пациенттер көбіне денсаулығына зиян келгені үшін өтемақы өндіру үшін сотқа жүгінеді. Сондықтан, кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Астанада медициналық технологияларды бағалау саласындағы Польша тәжірибесі және оның шешім қабылдау үдерісіндегі орны талқыланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Кеше Астанада «Ұтымды дәрі-дәрмек саясаты. Медициналық технологияларды бағалау (МТБ) және медициналық сақтандыру. Қазақстан және Польша сарапшылары арасындағы тәжірибе алмасу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Польша Денсаулық сақтау министрлігінің ұтымды дәрі-дәрмек саясаты және медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Фармацевтика департаментінің және Ұлттық Денсаулық қорының (Поляк медициналық сақтандыру қоры) басшысы, доктор Кшиштаф Ланда қатысты.
Ол ДСДРО, «СК-Фармация» ЖШС қызметкерлерімен, «Атамекен» ҰКП өкілдерімен медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық технологияларды бағалау жөніндегі агенттіктер жұмыстарының ролі мен қағидаттары жайындағы пікірлерімен, «препараттардың тиімділігіне негізделген» баға белгілеу арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ұтымды шығындары саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
«Табыс мөлшері орташа деңгейдегі елдерде медициналық технологияларды бағалаудың аралас үлгісі болғаны дұрыс. Мұндай елдердің Денсаулық сақтау министрліктері сол және басқа технологиялар туралы толық есеп жүргізуге мүдделі болуы мүмкін. Бұл шығыны өте көп технологияларға немесе халықтың кеңейтілген санаттарына есептелген ұлттық бағдарламаларға қатысты. Медициналық технологиялардың басым бөлігі үшін, бірінші кезекте, бағалаудың жеңіл үлгісіндегі дәрі-дәрмектер қолайлы, - деп атап өтті сарапшы.