Қазақстан Providing for Health жаһандық желісіне қосылды

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру, экономика және денсаулықты әлеуметтік қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін P4H (Providing for Health) жаһандық желісіне қосылды.

Қазақстанды P4H желісінің толық құқықты қатысушысы  ретінде тану туралы шешім  27 қыркүйекте Бонн қаласында (Германия) қабылданды.

Қазақстанның P4H Директорлар Кеңесінің кейсін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының экономика мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі  Анара Мүсрепова таныстырды.

Аталған алаң қатысушы елдердің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, сондай-ақ сапалы қызметтің  бәріне қолжетімді болуына және қаржы қаупінен қорғануға жәрдемдеседі. Бұл жаһандық желінің басты мақсаты – халықты медициналық қызметтермен тегіс қамту.

P4H желісі – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Азия даму банкі, Swiss agency for development and cooperation (Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігі),  ЮСАИД, т.б. секілді халықты медициналық қызметтермен тегіс қамту саласындағы халықаралық серіктестер мен инвесторлар енетін кең спектр.

P4H қолдауы Қазақстанға Орталық Азиядағы денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және қаржы мәселелері бойынша байланыстырушы буын болуға және халықаралық қауымдастықтың сарапшылық пікірін алуға (қолжетімді) мүмкіндік береді.