2017 жылдың 25 қазанында Астана қаласында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік офисі «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге бүкіл ел бойынша салауатты мектептер жобасының одан әрі таратылуын қамтамасыз ете алатын тұтқалы тараптар қатысты:

- мемлекеттік органдардың өкілдері (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі);

- кәсіби сектор (Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы, Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі SHE ұлттық үйлестірушілер, қазақстандық білім беру қызметкерлерінің салалық кәсіподақтары);

- халықаралық ұйымдар (ДДҰ, ЮНФПА, ЮНИСЕФ);

- ДДҰ пилоттық жобасына қатысушы Қазақстан аймақтарының өкілдері (Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығы, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салты орталығы, жобаға қатысушы мектептердің директорлары).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы денсаулық сақтау мамандарына мына ақпаратты хабарлайды: кәсіби дайындық пен біліктілік санаттарына сәйкестілікті бағалау кезінде еліміздің түрлі аймақтарында (Астана, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы) ұқсас бірнеше рет алаяқтық фактілері анықталды.
Өздерін Білімді және дағдыларды бағалау орталығының қызметкерлеріміз деп таныстырған алаяқтар, тесттен немесе тәжірибелік дағдыларды бағалаудан өту кезінде жәрдемдесуге уәде беріп, алдап-арбау арқылы үміткерлерден ақшалай қаржы алған.
Сіздерден қырағылық танытып, алаяқтардың алдауына түсіп қалмауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ, ДСДРО мен Білімді және дағдыларды бағалау орталығының ресми сайты бар екендігін естеріңізге саламыз, сілтемесі: http://www.rcrz.kz/rcozn

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сапа жөніндегі біріккен комиссиясының (СБК) қызметін жетілдіру және СБК тұрақты комитеттері жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы СБК тұрақты комитеттерінің үміткерлеріне  қойылатын талаптарды әзірледі.

Денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүдделі қызметкерлерін талқылауға белсенді атсалысуға шақырамыз. Ұсыныстар  mardenovag@mail.ru электронды мекен-жайына жіберілуі қажет.

Анықтама үшін байланыс телефондары: +77015165356, 8 (7172) 700-950 (ішкі1032).

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «HR-менеджмент. Денсаулық сақтау кадр ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбында Қазақстан аймақтарында семинарлар өткізеді. Оқу «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған.

Аталған семинарлар кадр қызметінің басшылары мен мамандарын денсаулық сақтау ұйымдарындағы HR-менеджменттің және корпоративтік басқарудың өзекті мәселелері бойынша дайындауға бағытталған.

Семинар барысында алған білім саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған заманауи  HR-менеджмент негіздерін, медициналық ұйымдар қызметінде (персоналды жалдау, бейімделу, жетекшілік, карьераны дамыту, ұйымдастыру мәдениеті, уәждеме және медицина қызметкерлерін ынталандыру, еңбек етуге қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау) заманауи  HR-технологияны, т.б. қолдануға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Survey Monkey сервері базасында медицина қызметкерлері арасында денсаулық сақтау жүйесінде кәсіби жауапкершілікті сақтандыру қажеттілігі туралы сауалнама жүргізеді.

Сауалнама құпия.  Сіздерден мына сілтемеге өте отырып, өз пікірлеріңізді білдіруді сұраймыз.

Аталған шешім медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметтеріне байланысты, себебі, олар пациентті дұрыс емдегеннің өзінде, соңы жағымсыз аяқталу қаупі болып тұрады. Егер емдеу-диагностикалау шаралары нәтижелі бола қоймаса, пациенттер  көбіне денсаулығына зиян келгені үшін өтемақы өндіру үшін сотқа жүгінеді. Сондықтан, кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.