15-16 қарашада медициналық ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының білімдері бағаланады

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК (бұдан әрі - ДСДРО) осы жылғы 15-16 қараша күндері медициналық ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының (бұдан әрі – талапкер) білімдеріне бағалау (бұдан әрі – бағалау) жүргізеді.

Бағалау мақсаты – біліктілікті арттыруды жоспарлау мақсатында денсаулық сақтау менеджерлері құзыреттіліктерінің жақсартатын тұстарын анықтау. 

Бағалау қауіпсіздік, қорғау және теориялық білімді бағалау сапасының халықаралық стандарттарына сәйкес, «CyberNet» біріктірілген ақпараттық жүйеде, интернетке тұрақты қосылу негізінде жүргізіледі.   Тестілеу аяқталғаннан кейін, нәтижелері сол мезетте талапкердің әрқайсысының жеке кабинетіне жіберіледі. Талапкерлердің  бағалау нәтижелері ашық түрде жарияланбайды.

Тестілеу кезінде талапкерге бірнеше нұсқалы жауаптары бар 100 сұрақ беріледі, жауаптардың ішінде біреуі ғана дұрыс жауап болады. 

Бағалауға арналған сұрақтарды мамандық бойынша тестологтар құрастырған.  Және де денсаулық сақтау менеджменті және денсаулық сақтау жүйесіндегі корпоративтік басқару бағытындағы тесттердің бекітілген техникалық сипаттамасына (бұдан әрі - Сипаттама) сәйкес ҚР ДСМ Жобаларды басқару департаментінің сараптауынан өтті, мына сілтеме бойынша қолжетімді.

ДСДРО сайтында берілген тесттердің сынама нұсқасында Сипаттамада бекітілген құзыреттіліктерге сәйкес тақырып бойынша және тақырыпқа қатысты сұрақтар пропорциясы дәл сақталған, орыс тіліндегі сілтемесі және қазақ тіліндегі сілтемесі

15 және 16 қараша күндері өтетін бағалау талапкерлерді  аттестациялаудың бір бөлігі емес, және оның нәтижелері жазалау мақсатында қолданылмайды.