2017 жылы 152 медициналық ұйым аккредиттелді
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстанда 2017 жылдың екінші жартыжылдығының нәтижесі бойынша медициналық ұйымдарды аккредиттеу аяқталды.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен (ДСДРО) бірлесіп медициналық ұйымдарға Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының Бұйрығына сәйкес сыртқы кешенді бағалау жүргізді.
Аккредитеуге ерікті негізде 115 медициналық ұйым қатысты, олардың 92-сі мемлекеттік және 23-і – жекеменшік болып табылады.
Аккредиттеу жүргізуге Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің 23 өкілі, 48 сыртқы кешенді бағалау сарапшылары және ДСДРО Аккредиттеу орталығының 5 қызметкері тартылды.
Қалыптастырылған 25 сараптамалық топ Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс жүргізді. Аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдардың ең көп саны Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында.
Аккредиттеудің нәтижелері бойынша жоғары санатқа сәйкестікті 2 медициналық ұйым, бірінші санаттағы - 39, екінші санаттағы - 58 ұйым растады. 16 медициналық ұйым аккредиттелмеген болып танылды.
2017 жылы Қазақстанда барлығы 180 медициналық ұйымға аккредиттеу жүргізілді, оның ішінде 140 мемлекеттік және 40 – жекеменшік болып табылады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитет электрондық денсаулық сақтау паспорттың функционалдық моделі бойынша алдын ала ұлттық стандарттың жобасын бекітті
- Толығырақ
- Автор: Super User
14 желтоқсанда «Электрондық денсаулық сақтау» стандартау жөніндегі № 83 техникалық комитеттің өткізілген отырысында «Электрондық денсаулық сақтау паспорттың функционалдық моделі» Қазақстан Республикасының алдын ала ұлттық стандарттың жобасы бекітілген.
Сондай-ақ, Комитет отырысында 2018 жылға арналған Комитеттің Жұмыс жоспарының жобасы талқыға салынып бекітілген. Негізгі қызметі ISO/HL7 21731:2014 «Health Informatics – HL7 version 3 – Reference information model – Release 4» негізіндегі «Денсаулық сақтау саласындағы информатика: – HL7 3-нұсқа – Эталондық ақпараттық модель – 4-шығарылым» ұлттық стандартын әзірлеуіне және 2015 жылда бекітілген А ҚР СТ 49-2015 «Электрондық денсаулық сақтау. 1 бөлім. Электрондық денсаулық паспорты» және А ҚР СТ «Электрондық денсаулық сақтау. 2 бөлім. Электрондық медициналық жазба» ҚР алдын ала ұлттық стандарттардың мониторингқа бағыттанып жоспарланған.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру және медициналық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қоғамды қатыстыру жөніндегі Қазақстан тәжірибесі UHC Халықаралық Конгресінде талқыланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
14-15 желтоқсанда UHC (Universal Health Coverage) Халықаралық Конгресі аясында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы басқа да халықаралық ұйымдармен және Жапония Үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған, Р4Н (Public for Health) панельді сессиясы өтті. Конгресс халықты медициналық көмекпен жалпы қамтудың ғаламдық мәселелері мен UHC тәсілдері қозғалысының негізгі бағыттарына арналды. Аталған Конгресске Жапония Премьер–Министрі Синдзо Абэ келді.
Конгресс барысында UHC-ке жекеменшік секторды тарту; медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына саяси және экономикалық факторлардың әсері; UHC үдерістерін басқару мен серіктестіктің жаңа жолдары; денсаулық сақтау саласын қаржыландыру; UHC-тегі қоғамның ролі; UHC пен Р4Н мақсаттарына қол жеткізудегі медицина мамандары мен қоғамның бірлесе қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру мәселелеріне арналған бірқатар панельдік кездесулер ұйымдастырылды.
«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ-дағы РМК бас директорының орынбасары М.Қ.Қалдыбаева баяндама жасап, пікірталастарға атсалысқан Р4Н панельді кездесуі денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру, медициналық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қоғамды қатыстыру мәселелеріне арналды.
ДСДРО өкілі өз сөзінде, сондай-ақ Р4Н басшылығымен және мүшелерімен жұмыс кездесулері барысында Қазақстанның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үдерісіне қоғамның әсері, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қалыптастыру үшін объективті электронды статистикалық деректер қорын құру үшін ведомствоаралық топтар құрудағы, Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде түрлі реформаларды жүзеге асыру үшін жобалық басқаруды енгізудегі тәжірибесін, аймақтық өзара әрекеттестігін, Қазақстанның Еуразия Экономикалық Қауымдастығына қатысу аясындағы тәжірибе алмасу және заңнамалар, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы заңнамалар үйлесіміндегі ролін атап өтті.
ДСДРО қызметкерлері марапатталды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.Салтанатты шарада Орталықтың бас директоры Айнұр Айыпханова ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттап, «Еңбек ардагері» медалін, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісін және Құрмет грамотасын табыстады.
«Еңбек ардагері» медалін Білімді және дағдыларды бағалау орталығының жетекші маманы Досмамбетова Күлсара Қоралбайқызы иеленді.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі Адами ресурстарды және ғылымды дамыту орталығының медициналық білім беруді дамыту бөлімінің бастығы Зәуре Байғожина мен Ұтымды клиникалық практика орталығының стандарттау бөлімінің бас маманы Гүлжан Мұхановаға берілді.
Ал, Адами ресурстарды және ғылымды дамыту орталығының кадрлық ресурстар обсерваториясының бас маманы Ғалия Мусина мен Медициналық көмекті жетілдіру орталығының АМСК дамыту секторының бас маманы Рауза Кенжеқұлова «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Әріптестеріміздің қуаныштарына ортақтаса келе, ұжымды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз. Әр шаңыраққа шаттық, бақыт, табыс, денсаулық тілейміз! Еліміздің әл-ауқаты артып, алға дами берсін!
Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік функциялары бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға берілмек
- Толығырақ
- Автор: Super User
8 желтоқсанда Астанада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының базасында Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері жөнінде жиын болып өтті. Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСДРО, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, кәсіби медициналық ұйымдар мен заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Жиынға қатысушылар Денсаулық сақтау министрлігінің осы бағыттағы жұмысы туралы, сондай-ақ мемлекеттік реттеумен қатар қоғамдық басқаруды қарастыратын, денсаулық сақтау саласын басқарудың жаңа үлгісін енгізу үдерісі туралы ақпараттандырылды. Сапа жөніндегі біріккен комиссияны оған бірқатар мемлекеттік функцияларды бере отырып өз алдына бөлек заңды тұлғаға ауыстыру болжанып отыр.
Қатысушылар Денсаулық сақтау министрлігінің келесі мемлекеттік функцияларды алып тастау туралы ұсыныстарын қолдады:
- денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу; медициналық және фармацевтикалық қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын, операциялық рәсімдердің стандарттарын, алдын алудың, диагностикалаудың, емдеудің, сондай-ақ медициналық және әлеуметтік қайта қалпына келтіру әдістерін, медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін әзірлеу.
Сонымен бірге, денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу, аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне мониторинг жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы аккредиттелген субъектілердің деректер қорын қалыптастыру, аккредиттеу стандарттарын, денсаулық сақтау саласындағы білім беру стандарттарын әзірлеу секілді мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру болжануда.