Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби жауапкершілікті сақтандыру қажеттілігі туралы сауалнама жүргізеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Survey Monkey сервері базасында медицина қызметкерлері арасында денсаулық сақтау жүйесінде кәсіби жауапкершілікті сақтандыру қажеттілігі туралы сауалнама жүргізеді.

Сауалнама құпия.  Сіздерден мына сілтемеге өте отырып, өз пікірлеріңізді білдіруді сұраймыз.

Аталған шешім медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметтеріне байланысты, себебі, олар пациентті дұрыс емдегеннің өзінде, соңы жағымсыз аяқталу қаупі болып тұрады. Егер емдеу-диагностикалау шаралары нәтижелі бола қоймаса, пациенттер  көбіне денсаулығына зиян келгені үшін өтемақы өндіру үшін сотқа жүгінеді. Сондықтан, кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.