ҚР Денсаулық сақтау министрлігі отандық денсаулық сақтау саласындағы кедергілерді азайту мәселелерін жүйелі қарастырады

2017 жылдың 03 қарашасында «СК-Фармация» ЖШС конференция залында денсаулық сақтау саласында бизнесті және жекеменшік секторды дамыту үшін қайта реттеу, кедергілерді азайту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының  кеңейтілген отырысы болып өтті.

Отырысқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, жекеменшік медицина ұйымдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды: ең таңдаулы халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, тұтынылатын медициналық қызметтер көлемін бақылау және басқару жөніндегі ұсынымдар; МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер үшін қосымша ақы төлеуді енгізу; медициналық қызметтер сапасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексеру парақтарын және қауіп дәрежесін бағалау көрсеткіштерін қайта қарау ұсыныстары және ҚР ДСМ Денсаулық сақтау саласында бизнесті және жекеменшік секторды дамыту үшін қайта реттеу, кедергілерді азайту мәселелері жөніндегі жол картасы жобасына толықтыру енгізу туралы ұсыныстар.

Талқылау нәтижелері бойынша жоғарыда аталған мәселелердің қосымша қаралуы және сапалы өңделуі, сондай-ақ оларды жүзеге асыруда нақты шаралар белгілеу қажеттігі туралы шешім қабылданды