Астанада АҚШ Медициналық емтихан алушылар Ұлттық Кеңесінің қатысуымен семинар өтуде
- Толығырақ
- Автор: Super User
11-12 желтоқсанда Астанада АҚШ Медициналық емтихан алушылар Ұлттық Кеңесінің (NBME) қатысуымен семинар өтуде.
Семинарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, ұлттық институттардың өкілдері, медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысуда.
Вице-Президент Брауни Андерсен бастаған АҚШ Медициналық емтихан алушылар Ұлттық Кеңесінің өкілдері дәрігерлерді мамандықтары бойынша сертификаттау, тест тапсырмаларын және клиникалық сценарийлер, психометриялар әзірлеу әдістемелері жөніндегі кәсіби кеңестер қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинарлар мен тәжірибелік сабақтар өткізуде.
АҚШ Медициналық емтихан алушылар Ұлттық Кеңесі медициналық тәжірибе үшін денсаулық сақтау мамандарының түйінді құзыреттіліктерін көрсету арқылы білімдері мен дағдыларын бағалауды жүзеге асырады.
USMLE жоғары нәтижелері қоғамдастықтың тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтерлің сапасы мен қауіпсіздігіне, және олардың қызметінің белгіленген старттарға сәйкестілігіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында жедел медициналық жәрдем көрсету тәртібі
- Толығырақ
- Автор: Super User
2017 жылдың 3 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 450 бұйрығымен «Қазақстан Республикасында жедел медициналық жәрдем көрсету тәртібін бекіту туралы» бұйрығы жаңа редакцияда күшіне енді.
Мерзімді медициналық көмектің екі түрі болады – шұғыл және жедел. Шұғыл көмек пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда көрсетіледі. Жедел көмек өміріне тікелей қауіп жоқ, бірақ аурудың асқынған сатысында, адамға мүмкіндігінше тезірек көмек керек болған жағдайда көрсетіледі. Көмектің бұл екі түрін де «Жедел жәрдем» қызметі көрсетеді.
Жедел жәрдемнің негізгі міндеті – ары қарай емделуге қатысты ешқандай ұсыным бермей, тек асқынған аурудың (жағдайдың) бетін қайтару (яғни, сырқат белгілерін жеңілдету немесе ауруханаға жеткенге дейін пациент өмірін сақтау).
Жедел медициналық жәрдем (бұдан әрі - ЖМЖ) – адамның өміріне және/немесе денсаулығына төніп тұрған қауіпті қайтару үшін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін сырқаттар мен жағдайларда, сондай-ақ ауыстыру үшін ағзаларды (ағза бөліктерін) тасымалдау керек болғанда ұсынылатын медициналық көмек түрі.
Шұғыл медициналық көмек – аяқасты қатты ауыру, жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы, созылмалы сырқаттың асқынуы кезінде адам өміріне немесе денсаулығына төнетін қауіпті жою үшін жедел медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек түрі.
Астанада «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» жобасы аясында жиын өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
6 желтоқсанда Астанада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 2016-2019 жылдарға арналған «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы республикалық жиын өткізді.
Жиынға денсаулық сақтау саласының 60-қа жуық мамандары қатысты: жоба топтарының аймақтық жетекшілері, республикалық ҰО мен ҒЗИ, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының өкілдері қатысты.
Жұмыс барысында қатысушылар жобаны жүзеге асырудың аралық қорытындыларын, адами ресурстарды басқарудың аймақтық және корпоративтік саясатын енгізу мәселелерін, заманауи HR-технологияларды енгізу арқылы кадр қызметтерін жаңғырту, медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және денсаулық сақтау субъектілері мәселелерін талқылады.
Қатысушылар «Ресурстарды басқару жүйесі» бағдарламасын толтыру мәселесін көтерді. Аталған мәселені шешу үшін медициналық ұйымдардың кадр қызметтерінің осы бағдарламамен жұмыс істейтін мамандарын қосымша оқыту туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ жиын аясында аймақтарда қатарлы оқу ұйымдастырып, өткізу мақсатында тренерлер үшін «Коммуникациялық дағдылар және медицина әдебі» атты семинар өткізілді.
Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссияға үміткерлерді іріктеу басталды
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссия мүшелеріне үміткерлерді іріктеуде.
Комиссия ҚР ДСМ жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және клиникалық хаттамаларды жетілдіру, медициналық технологияларды бағалау, медициналық білім, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны бақылау жүйесі мен денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі жөнінде ұсынымдар жасау үшін құрылады.
Комиссия ҚР ДСМ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, және үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі - ҮЕҰ) өкілдерінен құралған. Комиссия құрамына әр ҮЕҰ-нан бір ғана өкіл кіре алады.
Үміткерлерді іріктеуге қатысу үшін жұмыс тобына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Астанада алғаш рет «Денсаулық сақтау саласына инвестициялар» форумы өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
30 қарашада Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына инвестициялар» форумы өтті.
Форум серіктестері – Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.
Аталған шара инфрақұрылымдарды дамыту, мемлекет пен жекеменшік медицинаның ынтымақтастық үлгілерін іздестіру, денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту және мемлекет-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған.
Форум жұмысына халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері, әлеуетті инвесторлар, медициналық бизнес өкілдері, денсаулық сақтау және МЖС инвестициясы саласындағы халықаралық және қазақстандық сарапшылар, тиісті министрліктер мен облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері атсалысты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 914 денсаулық сақтау объектілері халыққа медициналық қызметтер көрсетеді, олардың 6 764 объектісі мемлекеттік, 1 150-і – жекеменшік.