ДСДРО кадр қызметінің басшылары мен мамандары үшін HR-менеджмент бойынша семинар өткізеді

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «HR-менеджмент. Денсаулық сақтау кадр ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбында Қазақстан аймақтарында семинарлар өткізеді. Оқу «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған.

Аталған семинарлар кадр қызметінің басшылары мен мамандарын денсаулық сақтау ұйымдарындағы HR-менеджменттің және корпоративтік басқарудың өзекті мәселелері бойынша дайындауға бағытталған.

Семинар барысында алған білім саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған заманауи  HR-менеджмент негіздерін, медициналық ұйымдар қызметінде (персоналды жалдау, бейімделу, жетекшілік, карьераны дамыту, ұйымдастыру мәдениеті, уәждеме және медицина қызметкерлерін ынталандыру, еңбек етуге қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау) заманауи  HR-технологияны, т.б. қолдануға мүмкіндік береді.

Аймақтардағы оқу семинарына қатысқысы келетіндер obskrz@mail.ru электронды мекен-жайына өтінім жібере алады, өтінім нысанын мына сілтеме .

бойынша алуға болады.

Бұдан бұрын, ДСДРО 2017 жылдың тамыз-қыркүйек айларында осыған ұқсас курстар өткізді, семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілігін арттырғандығы туралы куәліктер тапсырылды.

 

Қазақстан аймақтарында  семинарлар кестеге сәйкес өткізіледі:

 

Күні Аймақ
1 25-27 қазан Астана қаласы, ДСДРО
2 25-27 қазан Атырау қаласы, көшпелі семинар
3 1-3 қараша Алматы қаласы, көшпелі семинар
4 6-8 қараша Шымкент қаласы, көшпелі семинар
5 15-17 қараша Семей  қаласы, көшпелі семинар

 

Семинар ақысы - 24 000 теңге.
Семинар ақысын:
- мемлекеттік мекемелер www.goszakup.gov.kz сайтындағы оқуға арналған Үлгілік шарт бойынша (семинар тақырыбын көрсетеді) төлейді. БИН 110340017483
- жеке тұлғалар "ДСДРО" ШЖҚ РМК-мен жасалған шартқа сәйкес, өтінім бойынша төлейді.