НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы денсаулық сақтау мамандарына мына ақпаратты хабарлайды: кәсіби дайындық пен біліктілік санаттарына сәйкестілікті бағалау кезінде еліміздің түрлі аймақтарында (Астана, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы) ұқсас бірнеше рет алаяқтық фактілері анықталды.
Өздерін Білімді және дағдыларды бағалау орталығының қызметкерлеріміз деп таныстырған алаяқтар, тесттен немесе тәжірибелік дағдыларды бағалаудан өту кезінде жәрдемдесуге уәде беріп, алдап-арбау арқылы үміткерлерден ақшалай қаржы алған.
Сіздерден қырағылық танытып, алаяқтардың алдауына түсіп қалмауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ, ДСДРО мен Білімді және дағдыларды бағалау орталығының ресми сайты бар екендігін естеріңізге саламыз, сілтемесі: http://www.rcrz.kz/rcozn