Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және SANTO компаниясы арасында қол қойылған меморандум аясында 12-16 наурыз күндері Астанада Polpharma компаниясының қолдауымен «Дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды қаржыландыру жүйесі аясында медициналық технологияларды бағалау әдістері және оны қолдану» тақырыбында сараптау тренингі және «Денсаулық сақтауды стратегиялық басқару және реттеу кезінде медициналық технологияларды бағалау: дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды қаржыландыру жүйесі аясында ұлттық және аймақтық деңгейде шешімдер қабылдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шаралар кезінде Доктор Кшиштоф Ланда жаттықтырушы және басты спикер ретінде қатысты. Кшиштоф Ланда – Dentos халықаралық кеңес берушісі, Dentos Business Dervices EMEA халықаралық компаниясының стратегиялық медициналық технологиялар мәселелері жөніндегі кеңес берушісі, кезінде 2015-2017 жылдар аралығында Польша Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымын атқарған.

Тренинг жұмысына Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығындағы медициналық технологияларды бағалау және дәрі-дәрмекпен орынды түрде қамсыздадыру саласындағы сарапшылар, сондай-ақ, еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне қарасты басқа да ұйымдардың мамандары қатысты.

Медициналық технологияларды бағалау (МТБ) денсаулық сақтау саласындағы саясатты талдау үшін қолданылатын кешенді пәнаралық тәсілдеме болып табылады. Ол медициналық көмекті көрсетуге арналған қолданыстағы немесе жаңа технологияларды пайдаланудың алыс уақыттағы салдарын зерттеуге негізделген. Медициналық технологияларды бағалау қабылданатын шешімдерді негіздеу және де дәлелді ақпарат негізінде денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастыру үшін жүргізіледі. Бұл тәсілдеме аясында дәрілік заттар, медициналық жабдық, емшаралар, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдық құрылымы сынды медициналық технологиялар бағаланады.

2018 жылғы 7-8 наурызда Парижде, Франция Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен P4H ғаламдық желісінің Техникалық үйлестіру тобының (TCG) отырысы өтті.

TCG медициналық қызмет көрсетуді әмбебап қамту бірыңғай мақсатымен денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру және экономика сұрақтары бойынша P4H ғаламдық желісінің басқару топтарының бірі болып табылады.

P4H желісі 13 мүше ұйымдардан тұрады. Олар: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Африкалық даму банкі, Азия даму банкі, Ғаламдық қор, ДСДРО және Франция, Германия, Испания, Марокко, Швейцария және АҚШ денсаулық сақтау институттары.

Дөңгелек үстелге қатысушылар P4H веб-платформасының мүмкіндіктерін, жаһандық P4Н желісінің мүше ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың жедел мүмкіндіктерін, денсаулық сақтауды қаржыландырудың аймақтық ерекшеліктерін және де медициналық технологияларды бағалаудың жаңа тәсілдерін талқылады.

Осы іс-шарада Қазақстанның мүддесін білдірген ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы орталығының басшысы және де P4Н желісінің TCG мүшесі Зарина Темекова.

ДСДРО өкілі «Мүше ұйымдардың техникалық және географиялық тұрғыдан жұмысының бірлескен ғылыми бағыттары» тақырыбында баяндама жасады.

РМК "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" және халықаралық ғылыми баспа үйі Elsevier, ғылыми мақалалар жазу және Elsevier ақпараттық ресурстар пайдалану профессорлық-оқытушылар құрамын, медициналық жоғары оқу Орындарының студенттері, сондай-ақ ниет білдірген практик дәрігерлер мен зерттеушілер үшін тренингтерді өткізеді.

Осындай тренинг өткізу идеясын 2017 жылы қыркүйек айында өткізілген Қазақстандық ғылыми-тәжірибелік форумда  дәлелді медицина бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі Биртановым Е. А. мырзамен Eugenio Garcia, Вице-Президенті, " өңірлерді Еуропа, Африка және Латын Америкасы Elsevier компаниясының кездесуде арасында туындады

Тренинг екі медициналық жоғары оқу орындары базаларында өтеді:

1) 2018 жылы 13 наурызында сағат 14.00-де Астана қ. «Медициналық университет» АҚ, Бейбітшілік к. 49/А (бас ғимарат), 1 қабатта конференц-зал;

2) 2018 жылы 15 наурызында сағат 14.00-де Алматы қаласында «С.Д. Асфендияров атындағы  қазақ ұлттық  медицина университеті» РМК, Төле би к. 94, сынып ғимараты, №6 аудитория.

Ғылыми медициналық мақалаларды жариялау бойынша тренингті «Клиникалық шешімдер» бөлімінің клиникалық маманы, «Elsevier» докторы Химена Алвира (Ximena Alvira) жүргізеді.

Ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша тренинг Elzevier - 2018 жылға медициналық институттардың, ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың, медициналық колледждердің және медициналық ұйымдардың ұлттық абонементі ДСДРО ұйымдастырған «Клиникалық кілт» және «Клиникалық фармакология» дәрістерін доктор Наталья Чеботаренко жүргізеді.

 Кіру еркін. Тіркеу орнында.

12-14 наурызда Астанада «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру жүйесі аясында медициналық технологияларды бағалау әдістері және оларды  қолдану» тренингі өтуде.  

Тренер –  Dentons халықаралық кеңесшісі, Dentons Business EMEA халықаралық компаниясының стратегиялық медициналық технологиялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Польшаның бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Криштоф Ланда.  

Тренингті «Химфарм» АҚ,  Польфарма компаниялар тобының қолдауымен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы  ұйымдастырып отыр.  

Тренинг тыңдаушылары екі күн бойы клиникалық сынақтардың қолданылу әдістерімен, зерттеулер нәтижелерінің биостатистикасы және интерпретациясы негіздерімен, жүйелі шолулармен және метаталдаулармен, экономикалық бағалаумен және экономикалық талдау түрлерімен, терапиялық, фармакологиялық және технологиялық инновациялармен және оларды қолданудың ұтымды жолдарымен,  сондай-ақ медициналық технологияларды бағалаудың басқа да өзекті мәселелерімен танысады.  

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.  

Сондай-ақ, өткізілген тренинг қорытындысы бойынша 15-16 наурызда Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Денсаулық сақтау саласын стратегиялық басқарудағы және реттеудегі медициналық технологияларды бағалау: дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру жүйесі аясында ұлттық және аймақтық деңгейде шешімдер қабылдау» атты сараптау жиыны болады.  

Кеше Астанада ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ қорының 2016-2020 жылдарына арналған ынтымақтастығы бағарламасының шеңберіндегі ЮНИСЕФ-тің Казақстандағы 2017 жылы атқарылған жұмысының нәтижелерін талқылау бойынша жыл сайынғы кеңесі өтті.

ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастығының негізгі мақсаты Қазақстанның ең осал және әлеуметтік жағынан ұрымтал балалар мен олардың отбасыларының құқықтарына ерекше назар аударуымен балалардың құқықтарын тұрақты жүзеге асырылуы жолындағы прогресінің нығайтуы мен дамытуына күш салуын қолдауында.

Кеңесте ҚР Парламентінің депутаттары, денсаулық сақтау, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер Министрліктерінің өкілдері, сонымен қатар ҮЕҰ, академиялық ортаның, халықаралық ұйымдарының, БҰҰ агентіктерінң өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі атынан Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова сөз сөйледі. Вакцинация, медициналық ұйымдардағы мейіргерлік қызмет көрсетудің жаңа үлгісін пилоттық түрде іске асыруға, сондай-ақ бала жарақаттарының мониторингісін жетілдіруге бағытталған  құпия аудиті бойынша ҚР ДСМ және БҰҰБҚмен бірлескен қызметтің жетістіктері мен нәтижелері туралы мәлімдеме жасады.

Денсаулық сақтауды цифрландыру щеңберінде «Патронаж мейіргері», «Кішкентай балаларға қамқорлық», мобильді қосымшаларды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар нәтижелері туралы Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Олжас Әбішев мәлімдеме жасады.