Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында GlaxoSmithKline (GSK) халықаралық фармацевтикалық компаниясы өкілдерімен кездесу өтті, оның барысында ТМД елдеріндегі (Қазақстан, Украина, Әзірбайжан) үш ірі қаланың ересек тұрғындарының тәуекел факторлары бағалана отырып, созылмалы обструктивтік өкпе ауруларының (СОӨА) таралуы бойынша эпидемиологиялық зерттеулердің  нәтижелері ұсынылды.

Зерттеу деректері бойынша бұрын диагностикаланған СОӨА-ның  таралуы 1000 адамға шаққанда Қазақстанда 13,8, Украинада  10,4 және Әзірбайжанда 4,3 құрады. Спирометрия   мәліметтерінің негізінде алғаш рет диагностикаланған  СОӨА-ның  таралуы 1000 адамға шаққанда Қазақстанда 63, Украинада 30 және 35 Әзірбайжанда  құрады.

Спирометриямен диагностикаланған СОӨА-ның  ең жоғарғы таралуы 65 жастан асқандар тобында байқалған. Барлық үш елде де  СОӨА-ның  еркектер арасында кеңінен таралуы байқалған.    

Зерттеулер барысында темекі шегу мен СОАӨ арасындағы статистикалық маңызды өзара байланыс анықталды.

Ауырлық дәрежесі бойынша барлық үш елде 2-сатыдағы пациенттер анықталды.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстан айтақтарында «HR-менеджмент. Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбында семинарлар ұйымдастыруда.

Оқу 2018 жылдың І тоқсанында басталады, ол медициналық ұйымдардың басшылары мен кадр қызметтерінің мамандарын HR-менеджменттің және корпоративтік басқарудың өзекті мәселелері бойынша даярлауға бағытталған.  

Қатысушылардың семинар барысында алған білімдері  саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға бағдарланған заманауи HR менеджмент негіздерін, медицина ұйымы қызметінде персоналды жалдау, бейімдеу, менторлық, карьераны дамыту, ұйымдастыру мәдениеті, медицина қызметкерлерін ынталандыру, еңбек етуге қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, т.б. секілді заманауи  HR-технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Аймақтардағы оқуға қатысамын деушілер өтінімдерін obskrz@mail.ru электронды мекен-жайына жіберулеріне болады, өтінім нысаны мына сілтеме бойынша қолжетімді. 

Семинар құны – ҚҚС қоса алғанда 30 580  (отыз алты мың бес жүз сексен) теңге. Төлем БИН 110340017483 бойынша.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы  өзін-өзі реттеу қағидаттарын түсіндіру және мемлекеттік міндеттерді бәсекелес орта мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Талқылау 15 қаңтарда кәсіби медицина қауымдастықтарының (КМҚ) және денсаулық сақтау саласының жекеменшік секторы өкілдерінің қатысуымен РЭДСО базасында селекторлық тәртіпте өтті. 

Дөңгелек үстел жұмысы барысында КМҚ қызмет ету және оларды аккредиттеу үдерісі, өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құру және оларды тіркеу, «Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссияны» тәуелсіз ұйымға ауыстыру мәселелері қаралды.

Кәсіби қауымдастықтардың әлеуетін арттыру үшін халықаралық тренерлерді шақырып, ДСДРО базасында оқыту тренингтері сериясын өткізу туралы шешім қабылданды.

КМҚ аккредиттеуге дайындық және оны өткізу барысында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы кері байланыс пен клиентке бағдарлануды қамтамасыз етеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сапа жөніндегі біріккен комиссиясы денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды және біліктілік сәйкестілігін растауды жүзеге асыру үшін 2017 жылдың 28 желтоқсанында «Тәуелсіз емтихан алу ұлттық орталығы» өзін-өзі реттейтін ұйымын аккредиттеді.

Қайта реттеу және қызметтерді тәуелсіз ортаға беру шаралары аясында 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының (ДСДРО) құрылымындағы Білімді және дағдыларды бағалау орталығы таратылды.

2018 жылдың қаңтар айынан сапалы және ашық түрде (транспарентті) тәуелсіз емтихан алуға арналған халықаралық талаптарға сай әзірленген Дүниежүзілік банк жобасының аясында кіріктірілген ақпараттық жүйе (КАЖ) толық масштабта енгізіле бастайды.  КАЖ дәрігерлер мен мейіргерлер, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерінің түлектері, резиденттер, интерндер үшін теориялық және тәжірибелік емтихан өткізуді  қамтамасыз етеді. Тіркелу, тест тапсыру және нәтижелерін есептеу адами фактордың әсерінсіз автоматты түрде жүзеге асырылады. Әр үміткер үшін күнін, сағатын таңдап, емтихан тапсыруға өтінім беруге және оның барысын тексеруге мүмкіндік беретін жеке электронды кабинет жасалады. Тестілеу нәтижелері сол сәтте-ақ тұрақты жұмыс істейтін үміткердің жеке кабинетіне жіберіледі, және оны жою немесе өзгерту мүмкін емес.

Медицина қызметкерлерінің білімдері мен дағдыларын бағалау қызметінің тәуелсіз ортаға берілуіне байланысты, осы жылдың қаңтарынан кәсіби даярлығын бағалаудан өту және біліктілік санатына сәйкестілігін растау үшін медицина қызметкерлерінен өтінімдерді үкіметтік емес ұйым – Тәуелсіз емтихан алу ұлттық орталығы qazexam.kz сайты арқылы қабылдайтын болады.

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Ұтымды клиникалық практика орталығы 2018 жылы  медициналық технологияларды бағалау жүргізуге өтінімдер қабылдауды ашық деп жариялайды.

Өтінімдер 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін «Ұтымды клиникалық практика орталығына» деген белгімен, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс,  010000, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мекенжайына және rcrz.office@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі мүмкін.

Өтінімдер «Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 272 бұйрығына сәйкес толтырылуы тиіс.

Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес толтырылған өтінімдері жоқ ілеспе хаттар, сондай-ақ 2018 жылғы 31 қаңтардан кейін келген өтінімдер қаралмайтындығын ескертеміз.