30 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар» форумы болады.
Форум серіктестері – Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.
Аталған шара инфрақұрылымдарды дамыту, мемлекет пен жекеменшік медицинаның ынтымақтастық үлгілерін іздестіру, денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту және мемлекет-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған.
Форум жұмысына халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері, әлеуетті инвесторлар, медициналық бизнес өкілдері, денсаулық сақтау саласындағы инвестиция және МЖС аумағындағы халықаралық және қазақстандық сарапшылар, тиісті министрліктер мен облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері қатысады.
«Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырудағы жекеменшік сектордың ролі», «Жобалардың қандай түрлері еліміздің мақсаттары мен стратегиясына сай келеді?», «Денсаулық сақтау инфрақұрылымдары және медициналық көмек көрсету», «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру және телемедицина» - осы тақырыптағы 4 жинақтамалы сессия аясында мәселелерді сараптап, талқылау жоспарлануда.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, «WyndhamGardenAstana» қонақ үйі, Т.Рысқұлов көшесі 6/10, «Алтай» конференц-залы
Басталатын уақыты: сағат 9.30