Астанада «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» жобасы аясында жиын өтті

6 желтоқсанда Астанада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 2016-2019 жылдарға арналған «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы республикалық жиын өткізді.

Жиынға денсаулық сақтау саласының 60-қа жуық мамандары қатысты: жоба топтарының аймақтық жетекшілері, республикалық ҰО мен ҒЗИ, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының  өкілдері қатысты.  

Жұмыс барысында қатысушылар жобаны жүзеге асырудың аралық қорытындыларын, адами ресурстарды басқарудың аймақтық және корпоративтік саясатын енгізу мәселелерін, заманауи HR-технологияларды енгізу арқылы кадр қызметтерін жаңғырту, медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және денсаулық сақтау субъектілері мәселелерін талқылады.

Қатысушылар «Ресурстарды басқару жүйесі» бағдарламасын толтыру мәселесін көтерді.  Аталған мәселені шешу үшін медициналық ұйымдардың кадр қызметтерінің осы бағдарламамен жұмыс істейтін мамандарын қосымша оқыту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ жиын аясында аймақтарда қатарлы оқу ұйымдастырып, өткізу мақсатында тренерлер үшін «Коммуникациялық дағдылар және  медицина әдебі» атты семинар өткізілді.

Қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.