Тұрақты даму мақсаттарын, «Денсаулық-2020» және Инфекциялық емес аурулардың алдын алу жөніндегі іс-әрекеттердің жаһандық жоспарын жүзеге асыру аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мониторингтің бірлескен жүйесі үшін жалпы жиынтық көрсеткіштерді қайта қарау жөнінде жиын өткізді.
Мониторингтің бірлескен жүйесі үшін жалпы жиынтық көрсеткіштер қабылдау туралы қарар соңғы жылдары көтеріліп жүрген ДДҰ-на есеп берудің ауыртпалықтарына байланысты, мәселелердің шешімін табу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропа аймақтық комитетінің 67-сессиясында қабылданған болатын.
Сессия жұмысына ДДҰ Еуропа аймақтық бюросы мен ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) өкілдері, сондай-ақ БҰҰ-ның құрамына кіретін елдердің – Австрия, Финляндия, Германия, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Мальта, Исландия, Нидерланды және Түркия елдерінің өкілдері қатысты.
Жиында Қазақстан атынан ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова мен ДСДРО Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басшысы Жәния Нұрғалиева болды.
Мониторингтің бірлескен жүйесі үшін жалпы жиынтық көрсеткіштерді әзірлеу және енгізу көрсеткіштер санын қысқартып, жұмысты азайтуға (үш есеп беру мерзімінің орнына бір рет); Аймақтық бюроның жоспарлау үдерісін оңтайландыруға; деректер жинауға арналған құралдардың сапалылығын қамтамасыз етуге және ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-әрекеттерді жақсартуға мүмкіндік береді.
Сараптау тобының талдауынан және тексеруінен кейін таңдалған көрсеткіштер кеңес алу үшін және 2018 жылдың қыркүйек айында болатын Еуропа аймақтық комитетінің 68-сессиясында уақытында қаралу үшін 2018 жылдың бірінші жартысында ұйымға мүше мемлекеттерге ұсынылады.