ДСДРО денсаулық сақтау менеджерлерін үнемді өндіріс негіздері бойынша оқытуда

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Менеджмент орталығы денсаулық сақтау саласының мемлекеттік және жекеменшік секторларының менеджерлері мен «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қызметкерлерін «Үнемді өндіріс негіздері» тақырыбына оқытуда.

Тренинг медициналық ұйымдарда менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту аясында өткізілуде. Біліктілікті арттыру циклі  54 сағаттық курстан тұрады, тренингті Жапонияда үнемді өндіріс бойынша дайындықтан өткен тренер – Еуропалық Сапа Ұйымының бас консультанты, Үнемді өндіріспен тәжірибе жүзінде айналысушы, сапа менеджменті, экологиялық менеджмент және денсаулықты қорғау менеджменті мәселелері жөніндегі сарапшы Серік Жолдаспаев өткізеді.

Қазіргі уақытта Астана қаласынан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 107 маман оқытылды.

Мамандардың үнемді өндіріс негіздерін оқу нәтижесінде алған тәжірибелік білімдері басқарудың тиімділігін арттыруға, шығындарды, оның ішінде қаржылық және еңбек шығындарын азайтуға, медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кері байланыс нәтижесінде цикл тыңдаушылары өз ұйымдарында «Кайдзен» тұжырымдамасының негізгі қағидаттары мен элементтерін пайдалану арқылы үнемді өндіріс технологияларын, «5 S» жұмыс орнын ұйымдастыру жүйесін енгізуді; күткендегідей нәтижелер алу арқылы тиімді жұмыс орнын құру кезеңдерін жоспарлайды.

Тыңдаушылардың ұсыныстарын, сондай-ақ 2017 жылдың 15-16 қарашасында өткізілген медициналық ұйымдардың  басшылары мен олардың орынбасарларының білімдерін бағалау нәтижелерін ескеріп, ДСДРО денсаулық сақтау менеджерлерінің біліктіліктерін арттыру циклдарын тұрақты түрде  өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, ҚР басқа аймақтарында да кестеге сәйкес оқыту циклдарын өткізу жоспарлануда:

 

Аймақтардағы «Үнемді өндіріс негіздері» тақырыбындағы оқыту

к е с т е с і 

Аймақ

Аралық

1

Тараз

15.01 -19.01.2018

2

Шымкент

22.01 - 26.01.2018

3

Алматы

05.02 - 09.02.2018

4

Талдықорған

12.02 - 16.02.2018

5

Қызылорда

12.03 - 16.03.2018

6

Ақтау

26.03 - 30.03.2018

7

Атырау

02.04 - 06.04.2018

8

Уральск

09.04 - 13.04.2018

9

Ақтөбе

14.05 - 18.05.2018

10

Өскемен

28.05 – 01.06.2018